Page 202 - index
P. 202

Логикалық ойлаудың төртінші заңдылығы – негіздің жет­
кілікті болу заңы – кез келген шындық пікірдің шындығы дәлел­
денген басқа пікірлермен негізделуін талап етеді. Бұл заңды
сақтау арқылы ойлаудың негізділігіне, дұрыс ойлаудың міндетті
шарттарына қол жеткізуге болады.

    Біздің ойымыздағы кез келген пайымдаулар бір-бірімен іштей
байланысты, бір-бірінен туындайтын, бір-біріне негізделген бо-
луы тиіс. Пайымдаудың шындығы сенімді дәлелдермен бекітілуі
тиіс. Логикалық негізділік – әрбір журналистің қажетті сапасы.

3.8 Корректура және корректор, редактор

    Корректура (латын сөзі – correctura – түзету, жақсарту) – бас­
па теріміндегі әріптік, сандық, белгілік, таңбалық, емлелік, по­
лиграфиялық-техникалық қателерді тексеріп, түзету, жөндеу
жұмысы процестерінің жиынтығы. Ол баспалық туындыны
қатесіз сапалы шығаруда шешуші роль атқарады. Корректураға
– белгілі мәтіндік терімді машинкада басылған түпнұсқасымен
салыстыра оқып, қателерден арылту; мәтіндердегі кейбір тілдік,
стильдік түсініксіз ұғымдарға назар аудару; терминдерді, атаулар-
ды, қысқарған сөздерді бірыңғай жүйеге келтіру; тақырып, бөлім,
тарау, басқа да ішкі бөліктердің суреттерге берілген түсініктеме
мәтіндердің өз орындарына орналасуын қадағалау; баспасөз
басылымдарының полиграфиялық-техникалық жағынан сауатты
шығуына және дұрыс безендірілуіне көмектесу жұмыстары жа-
тады.

    Корректор – түзетуші, корректураны оқитын маман, шы­
ғармашылық еңбек қызметкері. Ол – автордың, редактордың оң
көзі, сенімді жәрдемшісі, ақылшысы, қаламгердің қызметтес
тірегі. Баспасөз материалдарының қатесіз сапалы жарық көруі
көбіне корректорларға байланысты. Сондықтан, корректор ең
алдымен саяси сауатты, білімді, өз мамандығын жетік білетін
адам болу керек. Арнаулы баспада корректордың сол салалық
нақты білімі, ғылыми дәрежесі болу жағы ескеріледі. Ғылыми
баспада ол ғылыми корректор деп аталады. Оның арнаулы білімі
болғаны өте жақсы. Өзі оқитын саладағы әдебиетті жетік білу –

           202

⇐ МАЗМҰНЫ
   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207