Page 203 - index
P. 203

корректордың борышы. Ол тек сонда ғана авторға, редакторға
нақты көмек көрсетіп, түпнұсқаның тақырыпты игерудегі ол­
қылығын дұрыс таба алады. Баспаханалық техникалармен
жақсы таныс болуы да корректор жұмысының сапасын арттыра
түседі.

    Корректураға қатысты редактордың міндеті – корректураны
ыждағатты оқу, мазмұнына шолу жасау, онда қойылған күрделі
сұрақтарды шешу. Автордың, құрастырушының, аудармашы мен
редактордың пікірлерін тыңдап, түзеткендерін қарап, олардың
қажеттілігін айқындау.

    Түпнұсқаны өндіріске жіберер алдында тағы бір рет қайта
оқып әзірлеу ісі – баспалық-редакциялық жұмыс процесінің
жалғасы, болашақ туындының мазмұнын соңғы тексеріп шы­
ғудың өте елеулі сатысы. Оның көздейтін басты мақсаты –
мүмкіндігінше болашақ басылымның олқылығын, кем-кетігін
жоюға, оның дұрыс безендірілуіне көмегін тигізуге, терушінің,
корректордың өнімді еңбек етуіне жәрдемшілік жасауға, сайып
келгенде, сапалы шығарма беруге көмектесу. Қайта оқу бары-
сында редактор төмендегідей мәселелерге ерекше көңіл бөлуі
тиіс:

    1. Емле және тыныс белгілерінің ережелерін бұлжытпай
сақтап, түпнұсқада байқалған қате-кемшілікті жөндеу. Ондағы
сөйлем, сөз тіркесі құрылыстарындағы, стильдегі олқылықтарды
оңдау. Байқалған сондай кемшіліктердің астын түртіп, жай
қарындашпен сұрақ қойып, не оларды бөлек қағазға тізіп, авторға,
бас редакторға білдіру. Терминдердің, басқа да сөздердің жазы-
луын бір ізге түсіру. Ретсіз қысқартылып жазылған терминдер
мен сөздерді орфография сөздігінің талабына сәйкес келтіру. Та-
сымал (-) және сызықша (–) белгілерін қолдану ережесін сақтау.

    2. Болашақ басылымның ішкі құрылысына – бөлім, та-
рау, параграф, пункт, тағы сондайлардың мазмұнға лайық бір-
біріне бағындырылу жайына, орналасуына зер салу. Бұлардың
нөмірлену, рет санына, түрлі әріптік қосалқыға бөліну, полиг­
рафиялық мағынада айтқанда литерлеу тәртібін жөнге келтіру.

    3. Түпнұсқадағы мәтіннің абзац-абзацқа бөліну мағынасын
байқау. Әрбір абзац қысқа пікірді, шағын ойды, бір ғана жайт-

           203

⇐ МАЗМҰНЫ
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208