Page 201 - index
P. 201

«ауытқушылықтың» астарында не жатқанын оқырман байқап,
түсіне алатындай тәсілдерді құруы тиіс. Мұндай тәсілдер ретінде
мағыналары жақын, синонимдес сөздер қолданылуы мүмкін.

    Логикалық ойлаудың екінші заңы – қайшылық: бір зат тура-
лы қарама-қарсы пікірлер бір уақытта, бірдей қатынаста екеуі
бірдей шындық бола алмайды. Бұл заң Аристотель заманынан
белгілі: қарама-қарсы пайымдаулардың барлығы шындық бо-
луы мүмкін емес. Ойлаудың тәртіпсіздігі, жаңылысушылығы,
жеткіліксіз хабардарлығы, сондай-ақ, автордың түрлі
субъективті себептері мен ниеті қайшылықтың туу себептері
болуы мүмкін. Қайшылық заңы білім мен практиканың барлық
саласында кездеседі. Оны бұзу оқырмандардың тікелей және
шұғыл реакцияларын туғызады. Жартылай қайшылықтың өзі
редактордың көзінен тыс қалмауы керек. Ол мәтіндегі болар-
болмас логикалық ауытқушылықты да байқауы тиіс. Редактор
мәтіндегі қайшылықтарды анықтау үшін ұқыпты талдау жасай-
ды. Редакторға қайшылық заңын білу бөгде біреудің материалын
бағалау үшін ғана қажет емес. Ол автордан пайымдауларының
қайшылықсыз болуын талап ете отырып, өзі де осы заңды қатаң
басшылық алып, кез келген талдаудың логикалық қайшылыққа
жол бермейтінін есте ұстауы тиіс.

    Логикалық ойлаудың үшінші заңы – үшіншіні бодырмау заңы:
екі қайшы пікірдің бір уақытта, бір қатынаста біреуінің ғана
шындық екені анық. Үшіншісі болуы мүмкін емес. Аристотель
төмендегідей тұжырымдайды: екі қарама-қайшы байымдаудың
арасында ортасын білдіретін ештеңе болуы мүмкін емес.
Үшінші заң ойдың байланыстылығы мен қайшылықсыздығын
қамтамасыз етіп, шындық байымдауды таңдау үшін негіз бола
алады.

    Қарама-қайшы пікірлердің дұрысын таңдау дәлдігі, олардың
құрылымының нақтылығы, мәтіннің құрылу анықтығы бұл
заңның сақталғандығын көрсетеді, баяндаудың логикалық тұ­
рақтылығына, ойды рет-ретімен жеткізуге мүмкіндік береді.
Логикалық ойлаудың бұл заңы редактор үшін мәтінді кәсіби
бағалауда аса қажетті құрал: мәтіннің бір нұсқасын ысырып,
екіншісін қабылдау барысында редактор осы заңға сүйенеді.

           201

⇐ МАЗМҰНЫ
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206