Page 7 - index
P. 7

қай жағынан болса да, әсіресе, орфографиялық, пунктуациялық,
стилистикалық қател­ ерден аулақ болғаны жөн. Бұқаралық ақ­
парат құралд­ ары жылдан-жылға бұл жағынан да өз жұмысын
жақс­ арт­ ып келгені белгілі. Сонда да баспа орындары әлі де
қатеден арыла алмай келеді. Оны күнделікті газет-журналдар-
дан, кітаптардан байқау да қиын емес.

    Қолжазбаның тілін, стилін түзету, жақсарту, редакц­ иялау ісі
редактордың ана тілі мен оның стилистик­ алық, грамматикалық,
дыбыстық, орфографиялық, пункт­­ уациялық заңдылықтарын же­
тік білуін талап етеді. Қолтуманың тілін, стилін грамматикалық,
ор­фо­графия-пунктуациялық ережелерге сай келтіру, сөйл­ емнің,
сөз тіркесінің халыққа, оқырманға неғұрлым түсінікті, ұғымды,
анық болуын қамтамасыз ету, тіл мен стильде ұзақ, шұбалаңқы,
түсініксіз, т.т. тіркестер болдырмау, олардың оралымды, мей­
лінше жатық, майда, әсерлі болу жағын қарастыру, әдетте, ре-
дактордан, автордан тіл мен стильге шығармашылық зейін салу-
ды талап етеді. Бұл аталғандар «Стилистика және редакциялау»
пәнін оқытудың өзектілігі мен маңыздылығын арттыра түседі.

    Стилистика тілдік құралдардың қарым-қатынастың мақса­
тына сәйкес орынды қолданылуын қарастырады. Ол тілдік
құралдардың мағыналық және экспрессиял­ ық қыры мен түрлі
мағыналық реңктерін қолдануға талдау жасайды, олардың бе­
рілген ойды дәл, анық та айқын жеткізуде қаншалықты дұрыс
та тиімді екенін анықтайды. Тілдік құбылыстардың қатынасын
бағалау стилистика пәніне өзгешелік сипат береді, оның негізгі
мақсаттарының бірі – синонимдік қатарлардың ішінен автор
ойын дәл жеткізуге қолайлы сөздерді тауып қолд­ ануға көмектесу.

    Оқулықты әзірлеу барысында В. В. Виноградов, Л. Г. Бар-
лас, Д. М. Н. Кожина, Д. Э. Розенталь, т.б. орыс ғал­ ымд­ арымен
қатар, Ә. Бектемісов, Ә. Ыдырысов, Р. Сыз­дық­ ова, М. Серғалиев,
Б. Шалабай, Г. Смағұлова, Б. Момынова, Қ. Тұрсын, Д. Әлкебаева,
С. Әлісжанов сияқты т.б. қазақ ғалымдарының еңбектері мен
проф. В. И. Макс­ имовтің редакциялығымен шыққан «Стилисти-
ка и лит­ ературное редактирование» (М., 2004) оқул­ ықтары бас­

шылыққа алынды.

           7

⇐ МАЗМҰНЫ
   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12