Page 9 - index
P. 9

1.Тілдің уақытша (временное) өзгеруі оның түрлі әлеуметтік-
тарихи типтерін береді: тайпалар тілі (диалект), халықтық тіл,
ұлттық тіл; олар бір-бірінен қоғамдық қызметінің жүйелі ке­
ңеюі мен құрылымдық жетілуімен ерекшеленеді. Тілдің әлеу­
меттік-тарихи типтерінің өзгеруін тіл тарихы туралы ғылым
қарастырады.

    2.Тілдің кеңістік (географиялық, ареалдық) әртектілігі оның
аймақтық ерекшеліктерінен туындайды: жергілікті диалектілер,
говорлар. Олар аймақтық диалектологияның зерттеу нысаны.

    3.Тілдің әлеуметтік әртектілігі оның өмір сүруінің функцио­
налдық және қоғамдық теңсіздік формаларынан нақты көрінеді:
әдеби тіл, түрлі әлеуметтік диалектілер, салттық лексика және
т.б. Әлеуметтік-сословиелік, кәсіби және жас ерекшелігіне бай-
ланысты саралану – әлеуметтік лингвистиканың нысаны.

    4.Функционалды-стильдік саралануы тілді әртүрлі қоғам­
дық-өндірістік қатынас салаларында (тұрмыстық, қоғамдық-
саяси, ғылыми, т.б. қатынастар) қолданудан пайда болады. Тілдің
мұндай саралануының нақты көрінісін ұлттық тілдің ең бай
да, ең жетілген түрі әдеби тілдің функционалды стильдерінен,
шағын стильдерден, сондай-ақ олардың жанрлық формаларының
ерекшеліктерінен табамыз. Функционалды стильдер, олардың
сөйлеуді жүзеге асыруының шарты мен формасы, стильдердің
құрылымдық-тілдік белгілері және оларды қолданудың
заңдылықтары – лингвистикалық стилистиканың негізгі зерттеу
нысаны болып табылады [2,10-11].

    Қазіргі стилистика – тілдің функционалды-стильдік сара-
лануы, қатынас барысындағы қолайлы коммуникативтік эф­
фек­тілерге жетудің құралдары мен тәсілдері туралы ерекше
тармақталған ғылым. Стилистиканың зерттеу материалы, про-
блематикасы, пәндік саласы, аспектілері, сондай-ақ зерттеудің ең
жиі қолданылатын әдістері мен тәсілдеріне қарай ерекшеленетін
бірнеше бағытын атауға болады. Бұл бағыттарды өзара сыңарлап
қарама-қарсы қою арқылы сипаттау ыңғайлы.

    1. Ең бірінші, тілдің стилистикалық құралдары немесе ре-
сурстарын, екінші функционалды стильдерін ажыратады. Бі­
рінші стилистика өз назарын тілдің негізгі және аралық дең­

           9

⇐ МАЗМҰНЫ
   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14