Page 11 - index
P. 11

сын декодтау стилистикасы (декодирования) деп атайды. Бұл
стилистикалардың нысанына көркем әдебиет тілі жиі ілінеді.
Кодтау стилистикасында зерттеушілердің назары «жазушының
шығармашылық процесінің жылжымалы күшіне», декодтау сти-
листикасында – «оқырманға тікелей жол табатын мәтінге», оның
қабылдануы мен интерпретациясына бағытталады.

    5. Лингвистикалық зерттеулер тіл стилистикасын сипаттау-
да оның синхрондық қырын да, оған қарама-қарсы оның тарихи
дамуының талдауын да қамтиды. Бірінші жағдайда синхрондық
стилистиканы, яғни тілдің өмір сүру кезеңдерінің біріне (қазіргі
орыс тілі стилистикасы, қазіргі қазақ тілі стилистикасы, т.б.)
арналған стилистиканы, екіншісінде – диахроникалық немесе
тарихи стилистиканы көреміз.

    6. Ғылыми және оқу әдебиеттерінде стилистикалық зерт­
теулердің салалары мен аспектілерін білдіретін басқа да тер­
миндерді кездестіруге болады: мәтін стилистикасы (мәтін лин­
гвистикасының бір саласы), поэтикалық стилистика (көркем
сөйлеу мен поэтикалық стилистиканың бір құрамды бөлшегі),
тіл стилистикасы, сөйлеу стилистикасы (тіл мен сөйлеуді қарама-
қарсы қоятын концепцияларда) және т.б.

    7. Стилистиканы тағы да – теориялық және практикалық
стилистика деп бөлуге болады. Дегенмен, бұл жіктеме өзін-өзі
толық ақтаған жоқ. Өйткені кез келген практикалық стилистика
ғылыми тұжырымдарға, яғни теорияға негізделуі тиіс [2, 12-15].

    Стильдердің лингвистикалық табиғаты туралы мәселелер –
стилистика теориясының ең күрделі мәселелерінің бірі. Тілге
(тар мағынасында) немесе сөйлеуге стильдер қатысты ма?
Егер тілге қатысты болса, онда тілдің стильдері немесе тілдік
стильдер туралы айту керек, егер сөйлеуге қатысты болса, онда
сөйлеудің стильдері немесе сөйлеу стильдері туралы айту керек.
Мүмкін, тіл стильдері де, сөйлеу стильдері де болатын шығар?
Олай болса, олардың арасындағы айырмашылық неде? Олардың
бір-бірімен арақатынасы қандай?

    Бұл сұрақтар тілдің стилистикалық ерекшеліктері мен оның
қызметтерін зерттеуші әрбір ғалымның алдынан шығатыны
сөзсіз. Бұл сұрақтарға берілетін жауаптардың әртүрлі болатынын

           11

⇐ МАЗМҰНЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16