Page 12 - index
P. 12

алдын ала да болжауға болады. Өйткені, стильдің түрлі – функ-
ционалды, жанрлық, экспрессивті типтері туралы айтуға болады,
ал «тілдік» және «сөйлеу» стильдерінің көрінісі бұл типтердің
барлығында бірдей емес екені анық. Егер зерттеушіні стильдің
тыңдаушыға әсер етуші сипаты, мысалы стильдің ұстамдылы­
ғы (салқындық, құрғақтық) немесе эмоционалдылығы, сондай-
ақ сырластығы, сатиралығы, юморлығы қызықтырса, онда әң­
гіменің экспрессивті стильдер туралы болатыны белгілі және
олардың тілдік мәні туралы мәселелер жанрлық және функцио-
налды стильдерге қарағанда мүлдем басқаша шешіледі.

    Ғылыми және оқу әдебиеттерінде «тіл» – «сөйлеу» және функ-
ционалды стильдер аспектісінде қарау мен топтауға ұмтылыс
байқалады. Мысалы, А. К. Панфилов В. В. Виноградовтың ізімен
«тілдің функционалды стильдері мен сөйлеу стильдерін» ажыра-
тып, соңғысын жанрлық-жағдаяттық (жанрово-ситуативными)
стиль деп атайды [3, 30-31].

    Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерін бұлайша түсінетін бол-­
сақ, біріншісін – негізгісі, базалық деп, ал екіншісін – оның
жалғасы, нақтылаушысы ретінде қабылдау керек. В. В. Виног­
радов: «Тілдік стильдер сөйлеу қатынасының (речевого обще-
ния) көптеген және әрқырлы формаларының дифференциация-
лануы үшін база (негіз) болып табылады», – деп көрсетеді [4,13].

    Басқа авторлар функционалды стильдердің өзіне тән сөйлеу
табиғаты туралы айтады. Мысалы, К. А. Долинин: «функцио-
налды стильдер сөйлеуді, сөйлеу узусын (речевой узус), белгілі
бір әлеуметтік жағдайлардағы сөйлеу әрекетінің нормаларын
бейнелейді, демек функционалды стилистика – ол сөйлеу стили-
стикасы (стилистика речи)»,– екенін айтады [5, 63].

     Функционалды стильдерді тілдік немесе сөйлеу категория-
лары ретінде ғана түсінбей, ол екеуін де қабат, яғни тілдік-сөйлеу
категориясы деп түсіну дұрыс болар еді. Тіл мен сөйлеудің
күрделі, диалектикалық тұтастық сипаты, сондай-ақ стильдердің
табиғаты туралы В. В. Виноградов: «Сөйлеу стилистикасы тіл
стилистикасына негізделеді (базируется). Тілдік жүйе сөйлеуді
«туғызып» қана қоймайды, ол онымен молаяды, оның күшті
әсерімен қолданылады», – деп тұжырымдайды [6, 14].

           12

⇐ МАЗМҰНЫ
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17