Page 8 - index
P. 8

Бірінші бөлім

стилистика пәні және Тілдік құралдардың
                стилистикалық қызметі

1.1 Стилистика пәнінің зерттеу нысаны мен бағыттары

    Соңғы жылдары әлемдік және отандық тіл білімінде «қоз­
ғалыстағы тілді», яғни тілдің қолданыстағы ерекшеліктерін зерт-
теуге ерекше мән берілуде. Бұл тілдің «адам қатынасының аса
маңызды құралы» ретінде қоғамдық табиғаты мен мәнін толық
ашуға мүмкіндік береді. Тілдің коммуникативті-қолданыстық
(коммуникативно-деятельностном) аспектісін толық және жүйелі
қарастыратын ғылыми пәндердің бірі – стилистика. Стилистика
кез келген дамыған тілдің «жаны» деп саналып, оған «тіл туралы
ғылым ретінде де және көркем әдебиет туралы ғылым ретінде де
маңызды орын беріледі» [1,101].

    Лингвистикалық стилистиканың пәні – тілдің мәнерле­
гіш құралдары, түрлі функционалды стильдерде сөйлеудің ең
мақсатты құралдарын таңдап алу мен пайдалана білу, сондай-
ақ қоғамдық-өндірістік қатынастың белгілі бір салаларында
қолданылатын функционалды стильдерді сөйлеудің типтік бөл­
шегі ретінде қарастыру.

    Стилистиканы барлық деңгейдің (фонетикалық, лексика-фра­
зеологиялық, морфологиялық, синтаксистік) тілдік құр­ ал­дары
қызықтырады. Ол тілдің функционалды-стильдік және эмо­
цио­налды-экспрессивтік элементтерімен қатар стилист­ ик­ алық
бейтараптық элементтерін де қамтиды. Стилистикалық бейта-
рап құралдар стилистикада ешқандай бояулы тұлғасы жоқ бірлік
ретінде қарастырылады.

    Тілдің өмір сүру ортасы сан қырлы және тарихи өзгергіш.
Бұл жағдай оның өзгеруіне, түрленуіне немесе саралануы-
на әкеліп соқтырады. Қолданылу шартына бейімделуін ту­

ғызатын факторларға байланысты тілдің түрленуінің немесе

саралануының төрт түрін көрсетуге болады: уақытша, кеңістік,

әлеуметтік, функционалды-стильдік.

           8

⇐ МАЗМҰНЫ
   3   4   5   6   7   8   9   10   11   12   13