Page 10 - index
P. 10

гейінің стилистикалық басымдықтарын талдауға аударады
(бұдан стилистиканың төмендегідей бөлімдерін ажыратамыз:
фо­нетикалық стилистика, лексика-фразеологиялық стилисти-
ка, грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік) стилистика,
сөзжасам стилистикасы), екіншісі – тілдің қатынастың түрлі сфе-
ралары мен жағдайларында қолданылуына бағыттайды (оның
негізгі нысаны функционалды стильдер, шағын стильдер мен
тілдің (сөйлеудің) басқа да ішкі ерекшеліктері болып табылады).

    2. Көркем сөйлеу стилистикасы мен «көркем емес сөйлеу»,
яғни – ресми-іскерлік, ғылыми, публицистикалық, тұрмыстық-
сөйлеу сияқты коммуниктивтік стильдерді қарама-қарсы қою
арқылы олардың ерекшеліктерін анық көруге болады.

    3. Жеке алынған әдеби тілдердің (орыс, украин, қазақ, өз­
бек, т.б. тілдер) стилистикалық құрылымын жеке немесе ішкі
(тілішілік) стилистика және салыстырмалы стилистика (кейде
оны контрастивті деп атайды) зерттейді

    Салыстырылатын тілдердің стилистикалық құрылымдары­
ның қалыптасуымен айналысатын салыстырмалы стилистика
жалпы (инвариантты) да, тілдің стилистикалық құрылымының
ұлттық ерекшеліктерін де: функционалды стильдеріндегі алшақ­ -­
тықтарды, олардың арасындағы өзгешеліктерді, стильдер мен
шағын стильдердің әрі қарай саралану деңгейін көрсетеді.

    Жекелеген тілдердің стилистикасын зерттеу барысында ға­
лымдарға теориялық мәселелерді де (стиль, стильдік бояу мен
оның түрлері, стильдік сипат (черта) дегеніміз не, т.б.) шешуге
тура келеді, олар, әсіресе, екі не одан көп тілдердің (туыс неме-
се туыс емес тілдер) стилистикалық ерекшеліктерін салыстыру
барысында ерекше көбейеді. Түрлі тілдердің стилист­ икасын са-
лыстырумен айналысатын зерттеушілер жалпы стилист­ икан­ ың
негізін қалыптастырады. Жалпы стилистика – қазіргі стилис­
тиканың ең маңызды бағыттарының бірі.

    4. Сөйлеу актісіне қатысушылардың рөлін ажыратудың пси­
холингвистикалық қырын қамтитын сөйлеуші (автор) стилис­
тикасы мен тыңдаушы (оқырман) стилистикасының қарама-
қар­сылығы да анық көрінеді. Сөйлеуші стилистикасын әдетте
кодтау (кодирования) стилистикасы, ал тыңдаушы стилистика-

           10

⇐ МАЗМҰНЫ
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15