Page 10 - indexf
P. 10

KІPІCПЕ

     Бүгінгі таңда дүниежүзілік мұнай және газ кәсіпшілігінде континенталді
қайраңда мұнай және газ ресурстарын меңгерудің аса күрделі және маңызды
мәселелері тұр. Бұл мәселенің маңыздылығы энергияның көзіне деген
қызығушылық өсіп келе жатқан дүниежүзілік сұранысқа байланысты болып
отыр, ол ең алдымен жанар-жағармай және химиялық шикі заттарға деген
сұраныс. Теңіз қайраңында көмірсутектердің қорларын меңгеру жақын арадағы
он жылдықта бүкіләлемдік энергетикалық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде өте
маңызды рөл атқарады.

     Теңіз мұнай-газ кен орындарының өзіндік спецификалық шарттары – кең
көлемдегі аса ерекше: кен орынды игерудің принциптік сызбасын таңдаудан
бастап, өндірілетін өнімнің көлемін есептеуді орындағанға дейін және
оның физикалық-химиялық қасиеттерін, гидрометрологиялық шарттардың
қаталдығын, олардың жағажайдан алыстығын, теңіздің тереңдігін, жағажайлық
инфраструктурасының игерілу дәрежесін, өндірілген өнімнің бағытталуы
және т.б факторларға байланысты кешенді сұрақтарға жауап беруді талап
етеді. Меңгерудің технологиялық сызбанұсқасы үшін геологиялық-техникалық
жобалаудың, шоғырдың пішіні мен өлшемі туралы аса сенімді мағлұматтардың
жаңа әдістері қажет болады; сонымен қатар бұрғылау темпі қондырғы
объектілерін енгізу реттілігімен есепке алынады. Дүниежүзілік мұхиттың жал-
пы көлемі барлық ғаламшарымыздың төрттен үш бөлігін алып жатқаны белгілі,
оның ішінде шамамен 10%-ы материкті еңіске тиесілі, ол континентальді
қайраң деп аталады. Дүниежүзілік мұхит акваториясының шөгінді жынысты
бассейндерінің ауданы шамамен алғанда, 55 млн км2 құрайды. Онда мұнай
мен газдың 2500 кен орнындары ашылған, мұнда өндірілетін мұнай қорның
көлемі 130 млрд. т және газ қорның көлемі 70 трлн м3. Қазақстан басқа мем-
лекеттермен салыстырғанда, континенталді қайраңның аздаған ғана бөлігін
қамтиды. Мұнда Әлемдік мұхитқа қарайтын көмірсутектердің дүниежүзілік
қорның бір ғана бөлігі болжаланған. Мұның барлығы көптеген мемлекеттер
мен компаниялардың күшінің арқасында қолжетімді болды, онда құрамы бо-
йынша теңіздің жаңа мұнай кәсіпшілігі қалыптастыруда. Ол өзінің мәні бо-
йынша ғарыштыққа дес бермейтін, тиімді кәсіпшілік түріне айналды. АҚШ-
та тек 1% ғана жұмыс істеп тұрған теңіз ұңғымалары пайдаланылады, алайда
олар барлық өндіріліп жатқан мұнай мен газ өнімінің 13%-ын құрайды. Деген-
мен, теңіз ұңғымаларын бұрғылауға кететін шығындар әртүрлі акваторияларда
айтарлықтай өзгешеленеді. Мысалы, Солтүстік теңізінің оңтүстік бөлігіндегі
бір ұңғыманың құны 2,5 млн. американдық доллар болса, ал солтүстік бөлігінде
– шамамен алғанда 5 млн. доллар. ХХ ғасырдың екінші жартысында жалпы
техникалық прогрестің әсерінен айтарлықтай сапалы дамыған меңгерудің жаңа

                                                    10
   5   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15