Page 11 - indexf
P. 11

техникасы мен технологиясы, мұхиттар мен теңіздердің акваторияларындағы
мұнай мен газды өндіретін және тасымалдау құралдары пайда болды. Жаңадан
тұрақты (стационарлы), өздігінен көтерілетін, жартылай батпалы жүктемелі
платформалардың және бұрғылау кемелерінің конструкциясы қалыптасты.
Сонымен қатар теңізде мұнай-газ кен орындарын меңгеруді күрделендіретін
барлық шарттары – ғылыми-техникалық үдеріске, жаңа материалдарды игеру-
ге тез ықпал етеді. Осы кезеңнің ішінде жұмыс істеп тұрған әртүрлі жүзбелі
бұрғылау қондырғылардың жалпы саны 200 бірлікке жетті. Дүниежүзілік
мұхиттың ең терең аймақтарында кернді алуға арналған ұңғымалар теңізде 2000
м тереңдікте бұрғыланған. Жағадан қашық бұрғыланған ұңғымалардың саны
бүгінгі таңда 70 мыңға жетеді. Қазір жылына 3,5-4 мың ұңғыма бұрғыланады.
Орташа пайдаланушы платформалар 300 м тереңдікте орнатылған. Қазіргі таңда
Каспий, Жерорта, Солтүстік теңіздерінің, Мексика және Парсы шығанағының,
Суэцк каналының қайраңы кен орындарын меңгеруде айтарлықтай тәжірибе
жинақталды. Соңғы он жыл ішінде Анголаның, Қытайдың, Үндістанның,
Вьетнамның, Нигерияның, Аустралияның және т.б. теңізді кен орындарын
меңгеру қарқынды түрде дамып келе жатыр. Техникалық құрал-жабдықтар
мен технологиялардың әрі қарай өте қарқынды дамуы мұнай мен газды өндіру
мен іздеу-барлау жұмыстарын континентальді қайраңның аса терең суларында
жүргізуге мүмкіндік берді. Дүниежүзілік мұхиттың, сонымен қатар мұз болып
қатып жатқан акваториялардың тереңдіктерін әрі қарай меңгеру ғылыми және
техникалық қатынаста дамыған елдерге ғана тән, себебі ол үлкен капиталдық
салымдарды қажет етеді. Осындай шаралардың сәттілігі тек қана бірнеше
мемлекет бірігіп орындаса ғана пайда береді (мысалы, Ұлыбритания, Норве-
гия, Дания Солтүстік теңіздің ресурстарын ірі американдық компаниялардың
көмегімен игеруде; Вьетнам оңтүстік қайраңды бұрынғы КСРО, содан кейін
Ресейдің көмегімен меңгеруде).

     Біздің елде өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы
мұнай мен газдың дайындалған қорлар көлемін ұлғайта алатын ірі кен орында-
рын ашуды Каспий теңізінің қайраңы айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асы-
ру мүмкін екені анық болды. Бұрынғы Кеңес кезеңінде теңіздің осы аумағында
екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің түсуіне бай-
ланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу-
барлау және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстары орындалды. Теңіздің суы
таяз аумағының едәуір бөлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулері жүргізілді.
Осы зерттеулердің қорытындыларын кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі
Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай құрылымдар тобының
контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді. Олар ХХ ғасырдың
80-ші жылдарының аяғында «Қазгеофизика» бірлестігінде салынған 2П
шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпаңының жиынтық құрылымдық
картасында бірінші рет көрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз ком-
паниясымен бірлесіп, жете әзірленді және Атлас түрінде шығарылды. Атласқа

         11

МАЗМ¦НЫ
   6   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16