Page 13 - indexf
P. 13

Елдегі бүкіл мұнай мен газ ресурстарының 2/3-сі Каспий теңізінің Қазақстан
секторның (КТҚС) үлесінде. КТҚС-дағы көмірсутектердің қоры шамамен 12-17
млрд. тоннаға бағаланады.

     Дүние жүзілік деңгейдегі үлкен жаңалық Қашаған кен орнының ашылуы
болды. Қашаған кен орнының бастапқы алынатын мұнай қоры 1,7 млрд. тон-
наны құрады. Қазақстанға жататын Құрманғазы құрылымын барлау, мұнай
қорының едәуір өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Қазақстандағы мұнай өндіру
болжам бойынша 2015 жылы 90 млн. тонна, ал 2020 жылы 150 млн. тоннаны
құрайды. Өндірудің едәуір бөлігі КТҚС үлесіне келеді.

     Анықталған болжамдар КТҚС кен орындарындағы болашақтағы мұнай
өндіру көлемін жылына 100 млн. тоннаға жеткізіп және оны осы деңгейде 25-30
жыл ұстап тұруға мүмкіндік береді.

       Қазақстанға тиісті Каспий теңіздегі сектордан мұнайды өндіру болжамы

     Қазақстан көмірсутек шикізаттарының қоры бойынша алдыңғы қатарлы
бірінші ондық мемлекеттер қатарына кіреді және мамандардың болжамымен
ХХI ғасырда аса ірі мұнай мен газ жеткізушілерінің бірі болады.

     Аталған оқулықтың мақсаты Дүниежүзілік мұхиттың қайраңында
көмірсутектерді өндіру болашағы және оның жай-күйі, теңіз шоғырларын
меңгеру негіздері, теңіз ұңғымаларын бұрғылау технологиясы туралы қысқаша
шолудан тұрады. Мұнда жинау жүйесі мен мұнай мен газды тасымалдау
жайында ұсыныстар берілген. Оқулық 6D070800, 6М070800, 5В070800 –
«Мұнай-газ ісі» мамандығының PhD докторанттары, магистранттары мен
студенттеріне арналған, сонымен қатар теңіздегі мұнай-газ кен орындарын
меңгеру мен пайдалану сұрақтарымен айналысатын ізденушілер мен ғылыми
қызметкерлерге қолдануға болады.

         13

МАЗМ¦НЫ
   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18