Page 15 - indexf
P. 15

Барлық жер шары бойынша теңіз қайраңы қырының тереңдігі 120 м, ал
континенталды қайраңның орташа еңісі 1 км-ге 1,5-2 м-ге дейін болатынын
көптеген зерттеулер көрсетті.

     Мамандардың болжауы бойынша қайраңның ауданының 60%-ы мұнай мен
газға өте бай.

     Әлемде теңіз кен орындарын ең алғашқы рет 1824 жылдан бастап меңгере
бастаған. Осы кезде Апшерон түбегінде Баку аймағындағы жағалаудан 25-30
м жерде мұнай құдықтарын қазып, мұнайды терең емес қабаттардан өндірілді.
Каспий теңізінің жағалауларында мұнай және газ кен орнындары осыдан 100
жылдан аса бұрын меңгерілді. 1891 жылдан бастап АҚШ-та теңіз түбегінде
көмірсутек шикізатының қоры бар аймақтар сатыла бастады. Осы жылдары
Колифорниялық жағалауда мұнай кенішіне жететін 200 м қашықтыққа дейін
көлбеу ұңғымалар бұрғыланды. 1936 жылы Каспий теңізінің қайраңында, ал
1947 жылы Мексика шығанағы қайраңында свайлық негізі бар бұрғылау плат-
формалары құрылды.

     Қазіргі уақытта теңіз қайраңында өте көп мөлшерде әртүрлі бұрғылау
қондырғылары пайдаланылуда. Жыл сайын шамамен 1000 іздеу-барлау
ұңғымалары және 2000 пайдалану ұңғымалары бұрғыланады. Жалпы әлемде
теңізде 100 000-нан аса ұңғымалар бұрғыланған.

     Әлем мұхитының қайраңы ауданының 22% Ресей мемлекетіне тиесілі, оның
ішінде 80-90% көмірсутекті өндіруге болашағы зор деп есептелінеді, отын-
энергетикалық ресурстар қорының 85% Арктикалық теңіз қайраңына тиесілі,
12-14% Таяу Шығыс теңіз қайраңына, ал қалғандары Каспий, Азов және Балтық
теңіздеріне сәйкес келеді.

     Көмірсутектер қоры бойынша ең болашағы зор перспективалы болып келетін
Батыс Арктика, оның ішінде Барем, Қызыл және Печора өзендері. Соңғы жыл-
дары осы жерде ондаған мұнай мен газ кен орнындары және екі газконденсатты
кен орнындары ашылып, осылардың ішінде қоры бойынша 4-і аса ірі болып
есептеледі, олар: Штокмандық газды-конденсатты, Ленинградтық, Русандық газ
және Приразломдық мұнай кен орындары. Мұнайдың әлемдік қоры шамамен 90
млрд. тоннаға бағаланады. Мұнайдың ең көп жиналған қоры Сауд Арабиясы,
Венесуэла, Кувейт, Иран, Ирак, АҚШ және Біріккен Араб Әмірлігі жерлерінде.

     Ресейде ең алғаш рет мұнай Кавказда, одан кейін Еділ (Волга) жағалауында,
Батыс Сібір, Темано-Печора провинциясында, Сахалинде өндіріле басталды.
Қазіргі кезде кезек Шығыс Сібірге және Солтүстік континенталды қайраңына
келді.

     ХХ ғ. 40 жылдары Каспий теңізінің қайраңында мұнай мен газды өндіру жа-
санды аралдардан басталса, одан кейін 0,2-ден 2,9 м-ге дейін теңіз тереңдігінде
мұнай өндіруді қамтамасыз ететін металдан жасалған эстакадалар қолданыла
басталды. Каспийде Нефтяные Камни атты бұрғылаушылар және мұнай мен газ
өндірушілер қалашығы салынды.

         15

МАЗМ¦НЫ
   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20