Page 14 - indexf
P. 14

1-тарау

                    ТЕҢІЗ ҚАЙРАҢЫНДА МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ
                ӨНДІРУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

        1.1 Теңіз қайраңы кен орындарын меңгерудің қазіргі жағдайы

     Құрлықта мұнай және газ қорларының азаюы және энергетикалық
дағдарыстың күшеюі теңіз қайраңы қойнауында мұнай және газ көлемі
құрлықтағыға қарағанда 3 есе көп болып келетін мұнай мен газ ресурстарын
кеңінен меңгеруді қажет етеді.

     Әлем мұхитының 22% аумағын (шамамен 80,6 млн. км2) құрлықтың сулы
жері құрайды және ол үш аймақтан тұрады: қайраң (шельф), құрлықты еңіс,
қыр етегі. Теңіз және мұхит табанының жалпы ауданы мұнай және газ қорына
шамамен 75 млн. км2 (21%) өте бай, оның ішінде қайраңда – 19,3 млн. км2,
құрылықты еңісте – 20,4 млн. км2 және құрлықты қыр етегінде – 35 млн. км2.
Оның аса болашағы зоры – қайраңды аймақ.

     Қайраң деп (ағылшынша Shelf ) құрлыққа жақын орналасып, онымен
геологиялық құрылымы жалпы бірдей болатын, құрлықтың су асты жағы түзу
болып келетін жерін түсінеміз. Қайраңның сыртқы шекарасындағы тереңдігі
100-200 м-ді құрайды, бірақ кейбір жерлерде 1500-2000 м-ге дейін жетеді (Охот
өзенінің Оңтүстік-Курил котловинасы). Қайраңның ені 1÷1700 км шегінде
(Солтүстік мұзды мұхит), орташа алғанда 65-70 км-ді құрайды, ал жалпы ауда-
ны 32 млн. км2 немесе Әлем мұхитының 11,3% бетін құрайды. Әлем мұхитының
қайраңның негізгі ауданы (70%) 480 м-ден аспайтын тереңдікте орналасқан, ал
теңіздің тереңдігі қайраңның құрлықты еңіске ауысқан аймағында 200 м-ден
600 м-ге дейін болады.

     1.1-суретте континенталды қайраңның профилі көрсетілген. Жағалау
сызығынан (2) кейін континенталды қайраң (3) басталады, оның шетінен (4)
континенталды еңіс (5) болады. Ол теңіздің табанына дейін жетеді. Еңістің қыр
етегінде (6) континенталды дөңіс (7) аталатын шөгінді жыныстар түзілу аумағы
болады. Оның еңкіштігі континенталды еңіске қарағанда кіші. Континенталды
дөңістен кейін теңіздің тереңсулы жазық бөлігі (8) басталады.

1.1-сурет. Континенталды қайраңның кескіні

         14

МАЗМ¦НЫ
   9   10   11   12   13   14   15   16   17   18   19