Page 12 - indexf
P. 12

түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжама-
ланды. Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады,
одан кейін ол таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде
Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-қа да
берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар бұрынғы КСРО-ның Мемлекеттік
жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық резервтерінің
аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде
іздеу-барлау жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы
жылдың екінші жартысында қазақстандық мамандар тобы «Каспий теңізінің
қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Каспийдің
су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу
және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы
13 ақпандағы №97 қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компа-
ниясы құрылды.

     1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL
(Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Ита-
лия) шетелдік компанияларымен операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК,
ал консорциумның директоры Ж. Н. Марабаев болған халықаралық консор-
циумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды. 1994-1996 жылдары
кемінде 100 тыс. км2 алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық,
инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық
жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы
зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы,
Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеуде
бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қазақстанның Үкіметі ОКИ-
ОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және
1999 жылы іздеу бұрғылау басталды. 2000 жылдың шілдесінде Консорциум
Шығыс Қашағандағы №1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады.
Ұңғымадан алғашқы алынған мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Ел-
басы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарба-
ев: «Бүгін Қазақстан халқы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы
– біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың өмірін жақсарту
үшін үлкен көмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды» деді.

     Шығыс Қашағаннан кейін Батыс Қашаған, Қаламқас-теңіз, Қайраң, Ақтоты
мен Оңтүстік-Батыс Қашаған, ал ресейлік секторда Широтное және Хвалынское
кен орнындары ашылды. Ашылған Қашаған кен орны республикадағы мұнай
қорын 35%-ға өсіруге мүмкіндік берді. Қазір Қашағанда мұнай өндіру және
Каспийдің бірқатар басқа да кен орындарында өндіруге дайындық және барлау
жұмыстары жүргізіліп жатыр.

     Қазақстанның континенталды қайраңы территориясындағы өндіріліп
жатқан мұнай қоры 3 млрд.тонна, ал конденсат 0,3 млрд. тонна.

         12

МАЗМ¦НЫ
   7   8   9   10   11   12   13   14   15   16   17