Page 108 - indexf
P. 108

жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары шығып тұрады. Бұрғылау
нүктесінде понтондар сумен толтырылып, қондырғының негізі 18-30 м-ге
түсіріліп, зәкірленеді. Ал платформа жабдықтарымен және оған қатты түрде
жалғанған негіз бөлігі судың бетінде қалады.

5.3-сурет. Зәкірлік ұстау жүйесімен бекітілген жарты-
  лай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы сұлбасы

     Жартылай батпалы жағдайында жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғылары өзінің тіректерінің жүзгіштігі арқасында ұсталады. Сумен
толтырылған понтондар жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
ауырлық ортасын төмендетеді (егер ортасы судың жоғарғы жағында болса,
толқындар қысымын әсерінде болар еді), қатты (күшті) толқын жүктемелерін
қабылдайтын элементтердің қима ауданын кішірейту және ауырлық орта-
сын төмендету жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
тұрақтылығын арттырады. Зәкірлі ұстау жүйесі тек қана 300 м тереңдікке
арналған, өйткені тереңдік өскен сайын зәкірлі тростардың ұзындығы өседі,
зәкірлі лебедкалардың салмағы мен габариттары өседі, олар зәкірлеу үдерістерін

         108

МАЗМ¦НЫ
   103   104   105   106   107   108   109   110   111   112   113