Page 103 - indexf
P. 103

палы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының мүмкін тік шайқалысы 1,8 м шама-
сында крен мен дифференті ± 3˚ шамасында, толқындардың көтерілу биіктігі 12
м шамасында болуы тиіс.

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының құрылысын игеру-
мен байланысты ұңғыларды бұрғылауда теңіз суының тереңдігі өсуде.

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары жоғарғы корпустан,
төменгі патондардан және оларды тұрақтандырғыш (стабилизациялайтын)
тізбектерден тұрады.

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының ерекшелігі –­­ жеңіл
орнын ауыстыру, жаңа бұрғылау нүктесіне жеңіл орнатылуы және одан алуы,
(жел әсеріне жоғары тұрақтылығы), теңіз тереңдігі өсуінде құндылығының
аз өсуі. Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары жоғарғы жұмыс
палубасының конструкциясы 3-, 4-, 5- одан да көп бұрышты формада орында-
лады.

     Төменгі понтондарда және тұрақтандырғыш тізбектерде балласты,
техникалық суға, жанармайға, майларға аралған арнайы цистерналар болады.

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының тиімді (оптимал-
ды) конструкциясын табу тәжірибеде конструкторлармен әртүрлі формалы жар-
тылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары шығаруға әкелді. Көбінесе, кон-
струкциясы 2 пантонды және 6-8 тұрақтандырғыш тізбектері мен тікбұрышты
тұлғадан тұрады.

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын тасымалдаудың 3
түрлі буксир арқылы, өздігінен жүргіш, комбинацияланған тәсілі бар. Бұрғылау
үдерісінде ұңғыма үстінде ұстау тәсілі бойынша: Зәкірлі ұстау (бекіту) жүйесі
бойынша, динамикалық позициялау бойынша, тартқыш тіректер арқылы сияқты
3 түрге бөлінеді. Су тереңдігі 200-300 м – зәкірлі бекіту, одан жоғары тереңдікте
– динамикалық позициялау жүйесімен әртүрлі жағдайларға байланысты – ара-
лас бекіту жүйесімен қондырады (ұстайды).

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының конструкциясы-
мен игеру кезінде, оларға қойылатын негізгі талаптар:

     	 тұрақтылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
     	 бұрғылау кезінде қозғалысын азайту;
     	 жұмыс жасау икемділігін қамтамасыз ету;
     	 технологиялық қор мөлшерін көбейту;
     	 қарапайым құрылу және пайдалану кезінде ыңғайлы болу;
     	 материалдар шығынын азайту;
     	 арнайы аумақтарын ескеру.
     Жүзбелі бұрғылау қондырғысы жер қабығымен жоғарғы мантияны зерт-
теу үшін «Мохол» (5.2-сурет) жобасымен жасалды. Кеменің динамикалық
тұрақтандырғыш жүйесінде датчиктары бар, мұхит түбінде орналасқан
үш тәуелсіз гидроакустикалық және есептеуші қондырғылары кіреді.
Гидроакустикалық қондырғыдан алынған мәліметтерден есептеуші құрылғылар

         103

МАЗМ¦НЫ
   98   99   100   101   102   103   104   105   106   107   108