Page 110 - indexf
P. 110

Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары тірегі бар құралдарды
олардың тұрақтылығы мен батырылымдылығының деңгейімен емес, беріктігі
бойынша, яғни кез келген профильдегі бірнеше кішігірім түрдегі тіректерді
пайдалану арқылы анықталады. Платформа келесі түрдегі негіздерден тұрады:
платформаның өзі, бұрғылар колонна 1 мен понтоннан 9, бұрғылар орналасқан
2, 3 және өндірістік қондырғылар, мұнайды сору қондырғылары мен көмекші
жабдықтары 4, 5, 6, тұрғын үй аймағы 8, тікұшақ қонатын жері 7.

     Платформа жұмыс режимінде созу немесе тарту элементі арқылы сақталады
13 яғни, олар теңіз түбіне зәкірдің көмегімен бекітілетін құбырлар жатады 10,
11.

     Төменгі сағалық жүйе тірек плитасынан тұрады 12, оның үстінде мұнайды
игеретін сағалық қондырғылар орнатылған, тірек жүйесі платформамен
жалғанады. Монтаждау-демонтаждау жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде,
қажетті жағдай туғанда, тарту күшін олардың бөліктерін толтыра отырып,
понтондардың балластары негізімен реттейді (5.5-сурет).

     Тартылыс күшінің созылуы су деңгейінің өзгеруіне, судың ағып келіп түсуіне
немесе тартылуына байланысты емес. Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларының орналасуы акваторияның түбіне, ұңғыманың табиғи
сағасына да байланысты емес және ол бұрғылау жұмыстарын қиындатпайды.

     Шетелдердің бағасы бойынша, тарту тіректері бар жартылай батпалы
жүзбелі бұрғылау қондырғылары қазіргі таңда теңіз түбінде 800 м-ге дейін, ал
болашақта 2000 м-ге дейін орната алатын болады. Бұл жағдайға қарамастан,
жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары бағасы теңіздің тереңдігіне
әсер етеді (теңіз деңгейінің тереңдеуі 150-ден 600 метрге дейін болса 10-15 %-ке
дейін).

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын динамикалық пози-
циялау зәкірлі бекітуге қарағанда, бұрғылау үдерісінде ұңғы үстінде қондырғыны
ұстау жүйесімен ерекшеленеді. Айырмашылығы: мұнда акустикалық аппарат
есептеуіш машина мен винттен тұрады (көлденең және бойымен орналасқан).

     Шығатын сигналдар гидрофондармен қабылданып, есептеуіш маши-
на арқылы жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының орналасу
жағдайын анықтайды. Ұңғымаға қатысты өзінің орнын ауыстырған кезде ав-
томатикалы түрде сәйкес қозғалтқыштарға команда беріліп, өз орнына қайта
қойылады.

     Теңіз тереңдігі өскен сайын динамикалық жүйенің тиімділігі өседі (ар-
тады). Сондықтан, оны 6000 м-ге дейін қолдануға болады. Жартылай батпа-
лы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын зәкірлі бекітудің және динамикалық
позициялаудың бірқатар кемшіліктері бар: ұңғы осі горизонталь бойынша орнын
ауыстыруы ағымды акваторияларда зәкірлі тростардың үзілу қауіптілігі артады.
Сондықтан басқа (болашағы жоқ) түрлі жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларына қарағанда, басты орынды алатын тартқыш тіректілі жартылай
батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары болып саналады. (5.6-сурет).

         110

МАЗМ¦НЫ
   105   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115