Page 111 - indexf
P. 111

5.6-сурет. Динамикалық ұстап тұру жүйелі ЖБ ЖБҚ

     Негізгі элементтері: жүзгішті понтондар, платформа астындағы тіректер,
бұрғылау нүктесінде орналасатын фундамент және фундаментті понтондармен
жалғайтын тартқыштар (олар түп зәкірінің рөлін атқарып, потондарды ұстайды).
Тартқыштар грунтқа батырылған үлкен свайлар, массивті плиталар, т.б. сияқты
әртүрлі болады.

     Тартқыштардың төменгі жақтары фундаментпен скобалар арқылы
жалғанады, фундаментінің бос қуысты орындары сумен толтырылады, ол теңіз
түбіне түсіп, тартқыштарды вертикал позициясына әкеледі.

     Бұл типті жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының
тұрақтылығы құбыр тәрізді тартқыштардың тарту күшіне байланысы (тартқыш
тіректер деп аталады), бірақ олардың саны мен диаметріне тәуелді емес.
Диаметрлерін олардың беріктік шарттарына сай анықтайды.

     Қазіргі кезде тартқыш тіректілі жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау
қондырғыларын шетелдерде теңіздің 800 м тереңдігіне орнату мүмкіндігін
бағалап отыр (келешекте 2000 м-ге дейін орнатады.)

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларын пайдалану
ерекшеліктері.

     Жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғыларының салыстырмалы
айырмашылық ерекшелігі – оны жеңіл ауыстыру, бұрғылау нүктесіне орнату
және одан алу, жел әсеріне, толқынға­және ағындарға жоғары тұрақтылық, 6000

         111

МАЗМ¦НЫ
   106   107   108   109   110   111   112   113   114   115   116