Page 106 - indexf
P. 106

Тірек рамасы және рельске қондырылған, негізгі орналасқан арбалар. Арба-
лар шарнир арқыла тірек рамасымен жалғасқан жылжымалы қорап орналасқан
қисық сызықты бағыттауыштармен жабдықталған. Жүзбелі бұрғылау
қондырғысы әр түрлі факторлар (жел, толқын) ұңғыма осі бойынша қозғалуы
кезінде арба мен жылжымалы қорап бірнеше жазықтықта сәйкес қозғалады.
Бұл бұрғылау қондырғысының көлденең бойымен және ұңғыма осіне қатысты
тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

     Шетелдерде жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғылары кеңінен
қолданылады.

     «Акер груы» бірлестігінің Н-3 қондырғысының мынадай артықшылығы
бар:

     1)	 Өте салқын және терең теңіздерде сәтті жұмыс жасау мүмкіндігі (мыса-
          лы Солтүстік теңізінде);

     2)	 жоғары тұрақтылық;
     3)	 өздігінен жүре алуы;
     4)	 үлкен сыйымдылық;
     Мұндай қондырғы пантондарының квадрат пішінді болуы жоғары
тұрақтылықты және пантонмен тұрақтандырғыш колонналар арсындағы сенімді
байланысты қамтамысыз етеді. Қызметкерлердің тұратын жері бас палубаны
құрайтын болат құрылыстың ішінде орналасқан. Құрылыста қаттылығы жоғары
болатын пайдалану қондырғыны жеңілдетеді.
     Н-3 қондырғысында ішкіколоналық және ішкі пантондық кеңістікті
сақтау ретінде пайдаланылады. Бұл қондырғы тұрақтылығын жақсартып,
тұрақтандырғыш колонналар диаметрін азайтуға мүмкіндік береді.
Қондырғының негізгі өлшемдері: жалпы ұзындығы – 106,5м, ені – 66,3 м, негізгі
палубаның ұзындығы – 68,1 м,тұрақтандырғыш колонналар диаметрі – 7,8 м,
пантондар диаметрі – 10,8 м, пантондар биіктігі – 6,6 м. Бұрғылау кезіндегі су
ығыстырғыштығы – 13000 т, ал транпортировка кезінде – 12500 т құрайды.
     Бұл қондырғы көмегімен теңіз ұңғымаларын 180 м теңіз тереңдігінде 7500
м-ге бұрғылауға болады. Егер зәкір шынжырларының ұзындығын өсірсе, онан
да терең ұңғыларды бұрғылау мүмкіндігіне ие болады. Бұрғылау кезіндегі
қондырғының шөгілуі 21 м құрайды. Қондырғының сыйымдылығы: сусымалы
материалдар – 525,3; цемент – 300 т; құбырлы сөрелер – 300 т; сұйық бұрғылау
ертіндісі – 238 м3; сұйық отын – 2703 м3; техникалық су – 2384 м3; жалпы
сыйымдылық – 70720 т; ал басты палубаға түсірілетін ең үлкен салмақ – 2350 т.
     Басты палубаға қондырылатын бұрғылау құрылғысы тапсырыс беруші
сұрауымен түрлендіруге болады. Ұңғыманың 7500 м тереңдігіне есептел-
ген бұрғы шығырының жетегі өзіне әрқайсысының қуаты 800 л с болатын 3
двигательді қосады. Бұрғы мұнарасының биіктігі 48 м; ол өлшемдері 12*12 бо-
латын негізде орналасқан. Бұрғы сораптары ретінде әрқайсысы қуаттары 800
лс болатын 2 двигательмен жүзеге асатын 2 цилиндрлі сораптар қолданылады.
Қондырғы компенсаторларға, суасты тұрақтарға және тастауға қарсы құрыл-

         106

МАЗМ¦НЫ
   101   102   103   104   105   106   107   108   109   110   111