Page 146 - indexf
P. 146

көтерілуі байқалса, онда бұрғылау сұйығындағы газ көлемі көлемі көбейіп, оның
структуралық, механикалық қасиеттері өзгереді, тығыздығы азайып кетеді.
Егер бұл жағдай байқалмаса, онда ашық фонтандауға соқтыруы мүмкін. Сол
себептен бұрғылау үдерісінде шегендеу құбырына атқылауға қарсы құрылғы
превентер жалғанады. Бұл превентер плащкалы және универсалдық айланба-
лы деп бөлінеді. Соңғы превентер бұрғылар тізбегін айналу керек болғанда
қолданады, өйткені алдындағы екі превентер жабылғанда бұрғылау тізбегін
айналдыруға бөлмейді. Превентердің негізгі параметрлері: оның өткізу тесігінің
диаметрі немесе жұмыс қысымы. Теңіз ұңғыларын бұрғылау кезінде осы
көрсеткен қиыншылықтардан басқа бұрғылау үдерісінде гидрометрологиялық,
геологиялық, геоморфологиялық факторлар әсер етеді. Теңіз ұңғыларын
бұрғылауда тұрақты теңіз платформаларға, өзі көтеретін қондырғыларға, жар-
тылай бататын және жүзбелі қондырғыларға әсер ететін мынадай факторлар-
ды алуға болады: 1) теңіз толқуы; 2) теңіз деңгейінің өзгеруі; 3) жел соғуы; 4)
теңіздегі ағыстар; 5) тұмандар; 6) теңіз суының қатуы, т.б. Теңіздердің толқуы
су бетіне жел күшінің әсерінен болады. Мұнда бұрғылау қондырғыларын
орнатылған орнынан ауытқытып тастайды. Толқынның бағытына қарай жыл-
жытады. Кеме палубасында жабдықтар, аспаптар әрекетке келеді. Теңіздің
толқуы ондағы жұмысшыларға да теріс физиологиялық әсерін тигізеді. Теңіз
тек қана желдің әсерімен емес кейде қысқа мерзімде жақын аралықтан өткен
кемелерден пайда болатын байланыссыз бұрғылау қондырғыларында тұрақты
болса да, жүзбелі болса да теріс әсерін тигізеді. Жел, толқындардың мынадай
параметрлері болады: биіктігі, жылдамдығы, периоды, көлбеулігі. Бұрғылау
жұмыстары теңіз толқуы 2-3 балға дейін болғанда жүргізілуі мүмкін. Өте си-
рек 4 бал толқуда жүргізіледі, бірақ кеменің конструкциясына, теңіз түбінің
рельефіне және сол аудандардың гидрометриялық жағдайына байланысты. Егер
толқу 4-5 балдан асып кетсе, онда бұрғылау қондығысы ұңғылардан ажыраты-
лып, алынып кетеді.

     7.5.3 Теңіз деңгейінің көтерілуі

     Ол көп жағынан айдың тартылу күші әсерінен болады. Айдың бір тәулікте
(24 сағат 50 мин) судың беті бір рет көтеріліп, бір рет түсуі мүмкін. Оны тәуліктік
көтерілу деп атайды. Ал, кейде бір тәулікте екі рет көтеріліп түседі. Мұны жар-
ты тәуліктік көтеріліс деп атайды. Кейде осы тәуліктік және жарты тәуліктік
көтерілістер кезекпе-кезек алмасып келетін жағдайлар болады. Бұны аралас
көтерілістер деп атайды. Теңіздің әртүрлі аймағында су деңгейінің көтерілуі әр
түрлі болуы мүмкін. Сол үшін бұрғылау жұмысын жүргізу мақсатында ол ау-
дан ұзақ мерзімде зерттеледі. Ондағы гидрометриялық өзгерістер су деңгейінің
ең жоғары көтерілуі, ең төмен деңгейі оның қайталану аралығы журналы-
на тіркеледі. Қазіргі кезде тереңдегі аспаптар арқылы зерттеледі. Бұрғылау
қондырғыларын орнату үшін теңіз толқуларының 50 жыл ішіндегі өзгерісі есеп-
ке алынады. Теңіз су деңгейінің көтерілуі жаңа ай туғанда және ай толғанда

         146

МАЗМ¦НЫ
   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151