Page 141 - indexf
P. 141

1-ші және 2-ші түрдегі құбырларда ұштары бұранданың профилі үш
бұрышты болып келеді және бір түйіннің өзінде 8 бұранда болады. 3-ші және
4-ші түрдегі құбырларда 1-ші немесе 2-ші құбырларға ұқсас, бірақ бұранда 2-ң
профилі трапеция тәріздес болады. 3-ші және 4-ші түрдегі құбырдың қосылысы
1-ші және 2-ші түрдегі қосылысқа қарағанда, едәуір берік және жұмысқа төзімді.
Саңылаусыздандыру қасиеті жоғарылайды. Құбырлар іш немесе сырт жаққа
қарай қалыңдау бұранда кесу кезінде олардың беріктігін сақтап қалу мақсатында
жасалады. Солай құлыптардың элементтері құбырларға құбырлы бұранда
арқылы, ал, элементтері бір-бірімен құлыпты бұранда арқылы жалғанады.
Бірінші түрдегі құбырлар тек роторлы тәсілінде қолданылады, ал екінші түрдегі,
үшінші және төртінші түрдегі құбырлар турбобұрғы немесе роторлы тәсілінде
қолдануға болады. Бесінші түрдегі құбырды осы екі тәсілмен бұрғылауға және
керек болғанда шегендеу құбырлардың орнында қолдануға болады.

     7.4.3 Жеңілдетілген бұрғылау құбырлары

     Мұндай құбырлар арнайы алюминий қосындысымен жасалады. (Al, Cu, Mg)
+ Fe. Мұндай құбырлар материалының тығыздығы болат құбырларға қарағанда
анағұрлым төмен, сол себептен оларды терең ұңғыларда пайдалану тиімді. Одан
басқа алюминий бұрғылау құбырының диамагниттік қасиеті көлбеу ұңғыларды
бұрғылау кезінде өте пайдалы. Өйткені оның іші арқылы ұңғы оқпанының
бағытталғанын тексеріп тұратын приборды түсіргенде магниттік өрістің әсері
болмай және өлшеу шамасы анағұрлым дұрыс болады. Бұл құбырлар Д16Т
қоспасын пайдаланып ұнтақты металлургия тәсілімен жасайды, сондықтан
олардың ішкі жағы жылтыр болып шығады. Бұл гидравликалық кедергінің бо-
лат құбырларға қарағанда 20-25% төмендейтініне қол жеткізеді. Алюминий
бұрғылау құбырлары болат құбырлары сияқты ішке және сыртқа қарай шеттері
қалыңдатылып жасалған және олар бір-бірімен арнайы жеңілдетілген құлыптар
арқылы жалғанады. Мұндай құбырлар металдарының ағу шегі: sс.б=330 МПа,
бірақ салыстырмалы беріктігі s=r/sm үш есе көбірек (D=380 МПа); Д16Т,
мұндағы: Д – дюралюминий, 16 – сериясы, Т – жылумен өңделген (термический
обработан). Бұл құбырдың мынадай кемшілігі бар: 1) ұңғымалар түбінің темпе-
ратурасы 150 градустан жоғары болса, онда қолдануға жарамайды. Себебі оның
беріктігі күрт төмендеп кетеді; 2) бұрғылау сұйығы қышқылды болса, яғни рН<7
болса тез коррозияға ұшырап, сол себептен бұрғылау тізбегі қысылып ұсталып
қалғанда қышқылды ваналарды жасауға болмайды.

     7.4.4 Бұрғы тізбегін турбобұрғы тәсіліне есептеу

     Турбұрғы тәсілімен ұңғыларды бұрғыланда бұрғы тізбегіне негізделген со-
зылу күші ғана әсер етеді, өйткені ол айналмалы, ал, реакциялық моменттің
әсері тізбек көп жерінен ұңғы оқпанына тиіп тұратын болғандықтан немесе
тиксатроптық сұйықтың ішінде тұрғандықтан онша жоғары болмайды. Сол се-

         141

МАЗМ¦НЫ
   136   137   138   139   140   141   142   143   144   145   146