Page 144 - indexf
P. 144

Wu  =  π      D4 − di4   
                          D       
                16                

         nc =       σ m ≥ 1.4 ÷1.45
                σ    2  +  3τ  2
                    c

Осы шарт орындалмаса, sm немесе L өзгертеміз.

     7.4.6 Бұрғылау тәртібі

     Бұрғылау үдерісінде тау жыныстарын бұзумен қатар қашау жасақтары да
мұқалады. Жыныстардың бұзылуы қаншама жоғары болса, қашау жасақтарының
тозуы да соншама тез болуы мүмкін. Бұл көптеген факторларға байланысты
болады. Егер осы факторлардың жиынтығы қашау жұмысын көрсететін сан
жағынан немесе сапа жағынан жоғары болса, онда ол параметр оптималдық
деп есептеледі. Ондай параметрге: бұрғылау сұйығының шығыны Q (м3/с);
қашауға берілген жүктеме Pқ (МН); қашаудың айналу жиілігі n (айн/мин);
қашау тесігіндегі ағыстың гидравликалық қуаты Nс (кВт) жатады. Кейде бұл
параметрлерді арнайы мәселелерді шешу үш белгілі мәселелерде қабылданып
алады, онда мұндай бұрғылау тәртібі арнайы бұрғылау тәртібі деп есептеледі.
Мысалы: ұңғылардан керн алу кезінде, көлбеу ұңғыларды бұрғылау кезінде аса
шиеленісті аймақты бұрғылауда арнайы бұрғылау тәртібі қабылданады.

     Бұрғылау тәртібі қашау жұмыс көрсеткішіне тікелей әсер етеді. Ол қашаудың
константасына да байланысты болады. Қашаудың жұмыс көрсеткішіне мыналар
жатады: өтімділік – h (м); қашаудың өтімділігі – hқ; механикалық жылдамдық –
Vм (м/сағ); рейстік жылдамдық – Vр (м/с); 1 метр бұрғылауға кететін шығындар
шамасы – См (теңге/м).

                       VM  =   H
                               tM

     Бұрғылау тәртібі параметрлерін бұрғылау тәсіліне қарай таңдап алады.
Мысалы: ротор тәсілімен бұрғылау кезінде бұрғылау тәртібінің параметрлері
бір-бірімен байланысты болмайды, себебі бұрғылау сұйығының шығыны
қашаудың айналу жиілігіне әсер етпейді, ал қашауға берілген жүктердің айна-
лу жиілігіне әсері жоқ. Бұрғылау сұйығының шығыны тек қана ұңғы түбінен

                           144

МАЗМ¦НЫ
   139   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149