Page 147 - indexf
P. 147

ең жоғары мәнге ие болады. Өйткені бұл кезде жер, ай және күннің осьтері бір
сызықта жатады. Сонда тартылу күші бір-біріне қосылады.

     7.5.4 Желдің әсері

     Жел үш түрге бөлінеді: 1) шамалы, 1,5 м/с; 2) баяу есетін, 2 м/с; 3) дауыл,
10м/с жоғары. Қатты соққан жел, әсіресе бұрғылау кезінде және бұрғылау
қондырғыларының бір орыннан екінші орынға көшу кезінде әсер етеді. Жел
күшінің балдарын есептеудегі бұрғылау жұмыстары 3-4 балдық желде жұмыс
жасалуы мүмкін, өте сирек 5-6 балда жұмыс жасалады. Егер жел дауылға
айналатын болса, онда бұрғылау қондырғылары бекітілген орнынан басқа
жерлерге, тасалау жерге алып кетіледі. Кейде теңізде жылдамдығы 120 км/сағ
дейін соғатын желдер де болады. Бұл жалғыз ғана бұрғылау қондырғыларына
емес теңіздегі барлық жүзу құрылғыларына қауіпті. Өте сирек Каспий теңізінде
немесе Қара теңізде құйындар кездеседі. Құйын дегеніміз – желдің айналу
нәтижесінде теңізден көтерілген су бағаны, ол өте жоғары күшке ие болады.
Оның жылдамдығы 120 км/сағ жоғары болуы мүмкін.

               7.6 Өнімді қабаттарды алғашқы рет ашу және сынау

     Өнімді қабаттардағы тау жыныстар аса кеуекті немесе өткізгіш болып
келеді. Бұл жыныстар коллекторлар деп аталады. Оларды бұрғылап ашу кезінде
бұрғылау сұйығының қасиеттері мен түрін дұрыс таңдап алмасақ, онда өнімді
қабаттар ластанады немесе өнімнің дебиті азайып кетуі мүмкін. Кейін ұңғыларды
цементтеу кезінде өнімді қабаттар екінші рет ластанады. Мұнда цемент ерітіндісі
мұнай газ жүретін каналды, жарықшақты бекітіп тастауы мүмкін. Әдетте өнімді
қабаттың ішінде саз қабатшалары кездесуі мүмкін. Оларға бұрғылау сұйығының
суы әсер етсе көлемін үлкейтіп мұнай газдың жүру жолдарын капиллярлық
каналдарының бекітіліп қалуы мүмкін. Бұл жағдай ұңғыларды игеру кезінде
көптеген қосымша жұмыстарды жүргізуге алып келеді. Сол себептен өнімді
қабатты ашудың алдында оның сипаттамасын ескеріп бұрғылау сұйығының
түрін немесе қасиетін таңдап алады. Оның қасиеті қабат сұйығының қасиетіне
анағұрлым жақын болғаны жақсы. Өнімді қабаттарды цементтеу кезінде цемент
ерітіндісінің әсерінен сақтану керек. Мұнда цементтеу кезінде пайда болатын
гидродинамикалық қысымның шамасынан азайғаны жөн. Өнімді қабаттар кей-
де шегендеу құбырымен бекітілмейді. Бұл коллекторлардың орнықтылығына
өнімді қабаттардың біртектілігіне байланысты болады. Өндірісте өнімді
қабаттарды ашудың мынадай бес түрі қолданылады:

     1)	 Егер өнімді қабаттардағы жыныстар орнықты болса және қабат қысымы
аса төмен болмаған жағдайда қабатағы өнімнің түрі біркелкі болса және оның
сипаттамалары барлық қалыңдығы бойынша өзгермесе, онда өнімді қабаты та-
банына дейін ашылады, ал, пайдалану тізбегі өнімді қабаттың жабынына дейін

         147

МАЗМ¦НЫ
   142   143   144   145   146   147   148   149   150   151   152