Page 145 - indexf
P. 145

дұрыс тазалау үшін ғана таңдап алады. Турбобұрғымен бұрғылағанда бұрғылау
тәртібі параметрлері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені турбобұрғының
қуаттық сипаттамасы бұрғылау сұйығының шамасына тікелей байланысты, ол
қаншама көп болса, турбобұрғының жұмыс сипаттамасы соншама жақсы бола-
ды. Электробұрғымен бұрғылау кезінде де бұрғылау тәртібі параметрлері бір-
біріне байланыста болмайды, өйткені қашауға берілген айналу моменті электр
қозғалтпалының көмегімен жүргізіледі. Мұнда бұрғы сұйығының шығыны
ұңғы түбінен тазалау үшін ғана беріледі.

                   7.5 Бұрғылау кезінде ұшырайтын қиындықтар

     Оларға: 1) ұңғы оқпаны тау жыныстарының үгілуі және опырылуы, олардың
сынуы, 2) ұңғыма оқпанында науалардың пайда болуы; 3) бұрғылау сұйығының
жұтылуы; 4) газ, мұнай және су көріністері; 5) бұрғылау тізбегінің қысылып
ұсталып қалуы; 6) бұрғылау кезінде күкіртсутегінің көтерілуі; 7) көп жылдық
тон, жатқан жыныстарды бұрғылау кезіндегі қиындықтар.

     7.5.1 Ұңғы оқпанындағы жыныстардың үгіліп, опырылып қалуы

     Бұл жағдай ұңғы оқпанындағы жайғасқан жыныстарды кернеудің, олардың
беріктігінен асып кеткенде байқалады. Әсіресе жарықшақты жыныстарды,
тектоникалық күштердің әсерінде болған жыныстарды, орнықсыз жыныстарды
бұрғылауда байқалады, өйткені табиғи жағдайда жатқан жыныстардың кернеу-
лік жағдайдағы бірқалыпты болады, ал бұрғылау кезінде жуу сұйығының
тығыздығы тау жыныстарының көлемдік массасын төмен болғандықтан,
бұл бірқалыпты жағдайда бұрғыланады, сондықтан оқпандағы жыныстар
үгіліп, опырылып құлай бастайды. Ол мынадай себептер әсерінен болады:
1) ұңғыманы бұрғылау сұйығының деңгейі төмендеп кеткенде; 2) бұрғылау
сұйығының тығыздығы азайған кезде; 3) орнықсыз тау жыныстарының бұрғылау
сұйықтардың әсерінен босағанда.

     7.5.2 Мұнай, су және газ көріністері

     Бұрғылау үдерісінде егер жуу сұйығының гидростатикалық қысымы қабат
қысымынан немесе гидрожару қысымынан жоғары болса, онда бұрғылау сұйығы
қабаттарға немесе өткізгіш жыныстарға сіңіп кетуі мүмкін. Бұл жағдай бұрғылау
сұйығының жұтылуы деп аталады. Мұнда кейде бұрғылау сұйығы ұңғы сағасына
шықпай қалады. Кейде оның шығу мөлшері азайып кетеді. Бірінші жағдайда,
бұрғылау сұйығының апаттық жұтылуы, ал, екінші жағдайда, шамалы жұтылу
деп аталады. Ал, егер керісінше болса, яғни қабаттық қысым гидростатикалық
қысымнан үлкен болса, онда ұңғыларда мұнай газ немесе су көтерілуі байқалады
да, онда ұңғылардың шығынын бұрғылау сұйығының көлемі асып кетеді. Оны
сораптар сыйымдылығы сұйығының деңгейін байқағанда болады. Ал, егер газ

         145

МАЗМ¦НЫ
   140   141   142   143   144   145   146   147   148   149   150