Page 191 - indexf
P. 191

ә)	 саға тізбегі – диаметрі 406 мм;
     б)	 аралық тізбегі – диаметрі 273 мм;
     в)	 пайдалану тізбегі – диаметрі 178 мм.
     Бұрғылау жұмыстары тәжірибесінде бір блокты немесе екі блокты
су асты сағалық жабдық кешендері қолданылады. Суасты сағалық кешен
судан бөлектейтін құбырлар тізбегінен (теңіз қадаушасынан), көп каналды
шлангілерден, коллекторлардан, қыстырмалы превенторлардан, тіректі -
бағыттаушы негізден, тіректік тақтадан, бағыттаушы арқандардан, жоғарғы
және төменгі гидравликалық муфталардан, шар тәрізді (бұрыштық компенсатор)
қосылыстан теледидарлық камерадан, телескоптық компенсатордан және басқа
түйіндерден тұрады.

8.3.1 Суасты саға жабдықтарының екі блокты кешені

Суасты саға жабдықтарының екi блокты кешені:
•	 Саңылауы (540 мм) бар бір корпусты плашка превентор блогы, әмбебап

     сфералық немесе басқа превентор конструкцияның 540 мм саңылауы
     және 21 МПа қысымы бар рама және басқа түйiндерді бағыттағыш,
     жалғағыш муфталар;
•	 Диаметрі 350 мм, қысымы 70 МПа саңылауы бар екi қосарланған плаш-
     ка превенторларының екiншi блогы, қысымы 70 МПа болатын саңылауы
     (350 мм) бар әмбебап превентор, тiрек бағыттағыш жақтауды, жалғағыш
     муфталар және т.б.;
•	 Диаметрі 610 және 406 мм болатын екі су бөлетiн тiк құбырлары
     (стояк);
•	 V дистанциялық басқару жүйелерi превенторлардың блоктерi;
•	 уақытша тiрек базасын;
•	 басқару жүйесiмен ағынның ауытқытушысы (дивертор); су бөлетiн
     стояктарды тарту жүйесi;
•	 бағыттаушы арқандарды тарту жүйесi;
•	 атылуға қарсы жабдығының манифольдтерi (реттеу және тұншықтыру);
•	 бұрғы бағананың компенсаторлары;
•	 авария аспалы және сағалық головканың компенсаторлары, олардың
     жiберу, сынау аспабы және қорғайтын төлкелері;
•	 теледидар камерасы;
•	 Суасты саға жабдықтары кешеніне кiретiн басқа ұңғыма және палубалық
     жабдықтары негізінен ЖБ ЖБҚ-да қолданылады.
Барлық кешен суасты және палубалық болып екіге бөлінедi.

Суасты саға жабдықтарының палубалық кешені
ЖБ ЖБҚ палубасында:
-	 су бөлетін құбырды үнемі тартылған күйде ұстап тұратын және

     ЖБЖБҚ-дың араласу орнын толтыратын, төменгі бөлікті атуға қарсы

         191

МАЗМ¦НЫ
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196