Page 190 - indexf
P. 190

8.3 Суасты саға жабдықтарының кешендері

     Ұңғымаларды жартылай батырылатын ЖБҚ мен бұрғылау кемелерін пай-
даланып бұрғылау үшін, теңіз түбіне қойылатын суасты саға жабдықтары
кешендері кеңінен колданылады.

     Мұндай орналасу жүзбелі құралдардың ұңғыма центрінен, ең үлкен жылжу
мүмкіндігін туғызады және теңіз түбінде орналаскан жабдықты механикалық
зақымнан барынша сақтайды.

     Суасты саға жабдықтарының атқаратын міндеті:
     -	 ұңғыманы бұрғылау барысында толқын мен ағыстың әсерінен козғалып

          тұрған, батырылатын ЖБҚ немесе бұрғылау кемесі мен теңіз түбінде
          орналасқан - суастындағы саға арасында икемді жабық технологиялық
          байланысты қамтамасыз ету:
     -	 ұңғымаға бұрғы аспабын түсіру, жуу сұйығының жабық айналымын
          қамтамасыз ету, ұңғыманы бұрғылау кезінде басқару және т.б. опера-
          цияларды жүргізу;
     -	 ұңғыманы бұрғылау барысында, апаттық жағдайларда, ұңғымадан қабат
          сұйығының атып кету қаупін болдырмау мақсатында немесе теңізде
          тулаған үлкен толқындар кезінде – бұрғылау қондырғысын сағадан
          ажырату жағдайында ұңғыманы берік жабу керек.
     Әр түрлі теңіз тереңдігіндегі (50-1800 м) ұңғымаларды сенімді қазу үшін
колданылатын су асты саға жабдықтарының бірнеше құрылмалары бар.
     Суасты саға жабдықтарын үлкен тереңдікке орнату – оның беріктігіне,
тербеліске беріктігіне, үлкен сыртқы қысымға төзімділігіне, герметикалық және
алыстан сенімді басқару қабілетіне жоғары талаптар кояды. Кешен түйіндерінің
құрылмасы – жабдықты құрастыру және ажырату кезінде түйіндерді түйістіру
дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс. Түйістіру жоғары сапалы, Суасты саға
жабдықтарының әдеттегі жағдайдағы жұмыс басқаруын қамтамасыз етуі керек.
     Байланыс механизмдерінің орналасуына ерекше көңіл бөлінеді: жартылай
батпалы ЖБҚ немесе бұрғылау кемесінде орнатылған керу құрылғыларына
толқынның, ағыстың және желдің әсерлерін ескеру.
     Суасты саға жабдықтарының теңіз түбінде орналасуының кемшілігі –
басқару, пайдалану және өңдеу күрделілігі.
     Суасты сағасы бар ұңғымалардың екі типтік құрылмалары бар.
     I құрылма (терендігі 5-6 мың м ұңғылар үшін) төменгі тізбектерден тұрады:
     а)	 фундаменталдық тізбек (бағыттаушы құбырлар) – диаметрі 762 мм;
     ә)	 саға құбырлар тізбегі - диаметрі 508 мм;
     б)	 I аралық құбырлар тізбегі – диаметрі 340 мм;
     в)	 II аралық құбырлар тізбегі – диаметрі 245 мм;
     г)	 пайдалану құбырлар тізбегі – диаметрі 178 мм.
     II құрылма (терендігі орташа ұңғымаларды бұрғылауда қолданады) – ұңғыма
құрылмасы қарапайым:
     а)	 фундаменталдық құбырлар тізбегі – диаметрі 762 мм;

         190

МАЗМ¦НЫ
   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195