Page 186 - indexf
P. 186

Суасты саға жабдықтары кешені:
     -	 ұңғыманы бұрғылау кезінде толқындар мен БК немесе ЖБ ЖБҚ

          ағыстарының әсерінен теңіз түбіне орнатылған жылжымайтын, суас-
          ты сағасының арасында иілгіш тұйық технологиялық байланысты
          қамтамасыз етуге;
     -	 ұңғымаға бұрғылау аспабын бағыттауға, бұрғылау ерітіндісінің
          тұйық циркуляциясын қамтамасыз етуге, бұрғылау кезінде ұңғыманы
          басқаруға және т.б.;
     -	 апатты жағдайларда немесе теңіздің қатты толқындануында бұрғылау
          қондырғысының істен шығу кезіндегі ұңғымадан тастандылардың
          шығуын болдырмау мақсатында бұрғыланушы ұңғыманы сенімді жабу
          үшін арналған.
     Қазіргі уақытта кең қолданылатын суасты саға жабдықтары
конструкцияларының ерекшеліктері:
     1.	 Ұңғыма сағасын су астына теңіз түбіне немесе суасты жағдайда арнайы
          платформаға (құбырға) орнатады.
     2.	 Суасты сағасы кемемен арнайы субөлгіш бағана мен бағыттаушы
          арқандар (колонналар) көмегімен байланыстырылған.
     3.	 Суасты кешенін басқару қашықтықтан негізінде гидробасқару
          көмегімен кемеден жүргізіледі.
     4.	 Суасты жабдығының бөліктерін, солардың ішінде субөлгіш
          бағаналарды да бөлу мен жалғау арнайы қысқыштарды қолдану
          арқылы ЖБҚ-мен жүргізіледі.
     5.	 ЖБҚ тік ауытқуларының әрекеттерінің компенсациясы үшін субөлгіш
          және бұрғылау бағаналарында арнайы ауытқу компенсаторларын
          қолданады.
     6.	 Ұңғыманы бұрғылау, сондай-ақ, шахтаасты бағыттау құбырлық және
          роторлы әдістермен жүргізілуі мүмкін.
     7.	 Барлық шегендеу колонналарын теңіз түбінде орналасқан сағалық
          басқа іледі.
     Суасты саға жабдықтарының 50-1800 м және одан артық теңіз
тереңдіктеріндегі ұңғымаларды бұрғылауға мүмкіндік беретін бірнеше кон-
струкциялары бар.
     Суасты саға жабдықтары қондырғысының үлкен тереңдігі оның беріктігіне,
дірілдерге, сенімділігіне, үлкен сыртқы қысымдарды ұстап тұру қабілетіне,
герметикалық және сенімді қашықтықтан басқарылуына жоғары талаптар
қояды. Кешен түйіндерінің конструкциясы түйіндердің монтаждау кезінде
түйісу дәлдігін және демонтаждау кезінде ажырауын қамтамасыз етуі, түйісу са-
пасы суасты саға жабдықтары жұмысы мен басқарылуын қамтамасыз ететіндей
жоғары болуы керек.

         186

МАЗМ¦НЫ
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191