Page 189 - indexf
P. 189

дерде (17) арқандардың (15) көмегiмен блоктан (16) жүкшығырлар (9) арқылы
компенсатордың сыртқы құбырын тартады. Роторның бiлiгi бар су бөлетін
бағанасының центрге келтiру үшiн турелдерге (18) орналасқан центратор (19)
қызмет көрсетедi.

     Барлық монтаждық жұмыстар су асты жабдығының құрастыру және бұзу
монтаждық құрылғысы көмегiмен орындалады, ол турелдегі саңылаудың
үстiнде орналастырылған монтаждық арқалықтан және тiрек тақтадан тұрады.

     Суасты саға жабдығымен басқару (11) бұрғылама кеменiң палубасынан
солқылдақ шлангтердiң жүйесi арқылы iске асады. Шлангтер кеменің палу-
басында турел маңайында орналасқан арнайы жүкшығырларды барабандарға
орайды. Бұдан басқа, кеме палубасында басқару жүйесiне және басқару пультiне
сұйықтық беру үшiн құбырды жөндейді, ол бұрғышының басқару орнының
маңайында орнатылған.

     «Шелл» фирмасының ЖБҚ «Блю Вотер» ұңғыманың негiзі үш бағыттаушы
бағаналар мен үш бағыттаушы арқандары бар металлоконструкцияны көрсетеді.
Суасты саға жабдықтарының дистанциялы гидравликалық басқаруы және
ұңғыманың бес бағаналы конструкциясы бар және фундаментті тақта бiрiншi
бағанада (508 мм) орнатылған және бұрғылаудан кейiн бөлшектей алады.

     «Атлантик Рефайнинг» қондырғысында бiрнеше өте жақсы конструкция-
сы болады. Бұл жерде қолданудың негiзі ретiнде – барлық құрастырылған саға
жабдығындағы түптiң үстiнде бiрнеше ондаған метрлерге көтеретін бiрiншi ше-
ген құбыр тiзбегi (914 мм). Қондырғымен басқару – дистанциялы гидравликалық.
Мұндай конструкция, сүңгуiр қызмет көрсету аймағында сағаны орналастыруға
және саға жабдығын бақылау үшiн телекамералардың жұмысын жақсартуға
мүмкiндiк бередi.

     Шетелдік тәжірибеде Америкалық мұнай институты /АМИ/ бұрғылау
компанияларының көп жылдық жұмыс тәжірибесін қорытындылап, АРІ
RР-53 лақтырындыға қарсы жабдығын (противобыбросное оборудование)
ұңғыма сағасының су асты орналасуымен жер үсті және теңізде бұрғылауда
пайдаланудың тәжірибелік ұсыныстарын жасады. Оқпандық бөліктің торапта-
рын белгілеу үшін арнаулы код қабылдынды: А – әмбебап превентор, G – ай-
налмалы превентор, R – бір контурлы плашечті превентор, R$ – екі корпусты
плашечті превентор, Я – үш корпусты плачешті превентор, Х – әмбебаб плачешті
превентор, S – крестовина, C – блоктың превенторын колонна ілгішімен немесе
САСЖ-ның оқпандық бөлігінің жалпы құрастырылуындағы жекелеген торап-
тардымен жалғастыратын жоғары қысымды муфта, C – теңіздік тік құбырды
блок превенторымен қосатын төменгі қысымды муфта.

     Жұмысшы қысымына қарай лақтырындыға қарсы жабдықтар екі топқа
бөлінеді: олар жұмыс қысымы 14-21 МПа және жұмыс қысымы 35, 70 және 105
МПа.

         189

МАЗМ¦НЫ
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194