Page 188 - indexf
P. 188

Екіблокты конструкцияның артықшылықтарына оны күрделі конструкциялы
терең ұңғымаларды бұрғылауда қолдану мүмкіндігі, тастандыға қарсы жабдықтың
әрбір блогының салмағының салыстырмалы төмендігі және еркін блокты жөндеу
мүмкіндігі, ал кемшіліктер қатарына ұңғыманы бұрғылау үдерісінде біріншіні
демонтаждау мен екіншіні орнату мен монтаждауға кеткен уақыт шығынын,
жұмыс істемейтін блокты сақтау үшін қосымша орынның қажеттілігі жата-
ды. Қазіргі уақытта шетелде суасты саға жабдықтарының диаметрі 476,24 мм
өтпелі саңылауы бар бірблокты конструкциялары қолданылады, олар күрделі
конструкциялы терең ұңғымаларды бұрғылауды қамтамасыз етеді.

     Шетелде монтаждау түрі мен технологиясына байланысты суасты саға
жабдықтарының түрлі кешендері қолданылады. Суасты саға жабдықтарының
кейбір түрлерінің айырмашылық сипаттары ең бірінші шахталық бағыттың кон-
струкциясымен және оны орнату әдісімен байланысты. Кейбір ЖБҚ-да суас-
ты кешенінің табаны – теңіз түбіне орнатылатын және кемемен арқан арқылы
байланысқан монолитті плита. Теңіз түбінің тегіс емес және әртекті болуына
байланысты мұндай табандарды көлденең орнату және шахталық бағыттың тік
болуын қамтамасыз ету қиын.

     8.6-суретте ЭБСЗООО/150 жобасында қолданылған, шетелдік суасты
кешеніне ұқсас және негізінде конструктивті бірдей безендірілген түйіндері бар
суасты саға жабдықтары кешенінің барлық элементтерімен бірге конструкциясы
көрсетілген.

     Суасты саға жабдықтың кешенi жинақы түрде: суасты саға жабдықтары,
су бөлетiн бағана (колонна), кеменің өзіндегі жабдық сияқты негiзгi жүйеден
тұрады.

     Суасты саға жабдықтары (8.6-сурет) мыналардан тұрады: су асты жабдықтың
грунтына жүктеменiң берiлуi үшiн тiрек тақта 1 (плита), және саға басы (го-
ловка) (2) байлам және барлық шеген құбыр тiзбектерiнiң герметизациясы үшiн
және атылуға қарсы жабдығын (3) жалғау үшiн, төменгi бiрiктiрме қосылыс (4),
СГ-2 типті тез ажырымалы жалғау (5) және су бөлетiн бағана (6) су бөлетiн
бағананың аяғында ГС-406 немесе ГС-305 типті жіңішке жалғау (7) орнатылған,
ол бағана төменгi аяғының қатты бiтеуiнен құтылуға мүмкiндiк береді.

     Тақтаның формасы алтықырлы, оған үш бағана бекітілген, оның ішінен трос
(8) жүргізіледі және оны жүкшығыр (лебедок) (20) арқылы кемемен тартуға бо-
лады. Осы бағыттаушы бағаналар бойынша кемеге керекті құрал-жабдықтарды
бағыттаушы үшқырлы рама (10) арқылы түсіреді және көтереді.

     Бұрғылама кемеде су бөлетін бағанамен бірге тік тербелістің компен-
саторы (12) бар, компенсатор тiкелей кемеге бекiтілген және ЖБҚ-ның тік
тербелісі кезінде су бөлетiн бағананың созылуы немесе қысылуы болмас
үшiн қызмет көрсетеді. Теңiздегi толқу шарттарындағы су бөлетiн бағананың
жұмыс жағдайларын жақсарту үшiн арнайы керiп кигiзiлген құрылым (18)
қызмет етеді, ол қарсы (ауырлық) салмақтардан (14) тұрады және кронштейн-

         188

МАЗМ¦НЫ
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193