Page 187 - indexf
P. 187

Байланыс механизмдерінің орналасуына, яғни: БК немесе ЖБ ЖБҚ-да
орнатылған, толқындар, ағыстар мен желдер әсер ететін керу қондырғыларына
баса назар аударады.

     Теңіз түбінде суасты саға жабдықтарының жеткіліксіз орналасуы – басқару,
пайдалану мен жөндеу қиындығы.

     Тәжірибеде теңізде БК және ЖБЖБҚ арқылы бұрғылау жұмыстарында суасты
саға жабдықтарының бірблокты немесе екіблокты конструкциясын қолданады.

     Кейбір бірблокты конструкцияларды терең суларда, ұңғымалардың
қарапайым екі- және үшколонналы конструкцияларында және бұрғылаудың
аз тереңдігінде пайдаланады.

     Суасты саға жабдықтары бірблокты конструкциясының артықшылығы
– кешенді орнату мен монтаждау уақытын қысқарту, себебі суасты саға
жабдықтарының орнатылған бірблокты кешені ұңғыманы бұрғылаудың
барлық уақытында қолданылады. Бірблокты суасты саға жабдықтарының
кемшіліктерінің қатарына массасы шамамен, 80 т екіблоктымен салыстырғанда
оның салмағының ауырлығын (200 т-ға дейін) жатқызуға болады.

     Екіблокты конструкцияларды қатты терең емес суларда, ұңғымалардың
күрделі төрт – және бесколонналы конструкцияларында және бұрғылаудың
үлкен тереңдіктерінде пайдаланады.

8.6-сурет. Теңiз ұңғымасының суасты саға жабдығы (САСЖ)

         187

МАЗМ¦НЫ
   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192