Page 205 - indexf
P. 205

-	 фонтанды арматураның конструкциясы, күрделі жөндеу үшін арқанда
          тік түсірілетін жабдық үшін қызмет ету қажеттілігін азайтатын, өткізу
          саңылауы арқылы еркін қолжетімділікпен сипатталады;

     -	 тораптар әрбір жеке ұңғы үшін және жүйе қажеттіліктеріне сәйкес
          таңдалынуы мүмкін.

     ABB Vetco Gray фирмасының шығарғыш линиясының байланысу жүйесіне,
сүңгуіршілердің көмегінсіз монтаждалатын, бірінші ретті және екінші ретті
өткізу операциялары (шығарғыш линиялар фонтанды арматурадан немесе фон-
танды арматураға қарай салынады).

     Қазіргі уақытта ең кең қолданатын жүйе, 600 футтан (180 м) асатын су
тереңдіктерінде, сүңгуіршілерсіз толығымен салынатын, шығарғыш линиялар-
ды, басқару линияларын және құбыраралық кеңістіктін линияларын қосатын,
жүйе болып табылады.

     ABB Vetco Gray фирмасының сорапты-компрессорлы құбырлары және СКҚ
тізбегі үшін негіз құрады, құбыраралық кеңістікке қол жетімділікті қамтамасыз
етеді және ұңғыманы алдын-алу клапанына қол жетімділікпен басқарады. СКҚ
ілгіші шегендеу тізбегінің ілгіш тұрқысының ішінде ілінеді.

     Фонтанды арматура (ФА), бұрғылау құбырымен, СКҚ тізбегімен немесе
субөлгіш тізбекпен түсірілетін, ФА түсіру құралының көмегімен орнатылады
және қосымша кірумен жабдықталады.

     Ұңғыларды аяқтау үшін субөлгіш арматура СКҚ тізбегінің өтуін ұзарту және
субетіне СКҚ тізбегінің ілгішінің түсіру құралынан гидравликалық басқару
линияларының өту жолын ұзартуға мүмкіндік береді. Ол СКҚ тізбегін түсіру
мен іліне үшін, сонымен бірге ұңғыларды күрделі жөндеу үшін де қолданылуы
мүмкін. Қышқылды немесе ұңғыларды өңдеудің басқа әдістерін қолдануға
мүмкіндік беретін, субөлгіш тізбектер бірге сатылуы мүмкін.

     Фонтанды арматура әдетте монтаждау мен күрделі жөндеу кезінде жүзбелі
кемеден басқарылады және шығарғыш линиялар арқылы түсіру мен өндіру
және қызмет ету кезінде пункттен, теңізде монтаждалған немесе құрлықта
орналасқан, қашықтан басқарылады. ABB Vetco Gray фирмасының басқару
жүйелері үш негізгі конфигурациялар түрінде сатылуы мүмкін:

     •	 Тіке гидравликалық басқару (DHC);
     •	 Тізбекті гидравликалық басқару (SHC);
     •	 Электрогидравликалық басқару (EHC).
     Бір-бірімен бірігіп жиі қолданылатын, бұл жүйелер, тайыз суларда
монтаждалған жалғыз қондырғыларды немесе терең сулы көп ұңғылы суасты
өндіру жүйелерін басқаруды қамтамасыз етеді. Қажетті басқару жүйесін таңдау
су тереңдігіне, суасты тораптар мен басқару пункттері арасындағы қашықтыққа,
жабдықтың жағдайы туралы мәліметтерді алу үшін реакция мен қайта байланыс
уақытына қойылатын, талаптар мен суасты операциялардың соңына тәуелді.
     «Cam Seal» басқару жүйесінің байланысуы бір уақытта басқару жүйесінің
32 гидравликалық қосылысының бұралуын қамтамасыз етеді. Қосылыс «ме-

         205

МАЗМ¦НЫ
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210