Page 206 - indexf
P. 206

талл-металл» түріндегі нығыздағышқа немесе тіректік плитаның шетіне бір
уақытта сенімді бекітілуі кезінде экстомерлі нығыздағыш элементтерге ие бо-
луы мүмкін. Нығыздағыш элементтері бар, контрлеуші итшіктер жұдырықшалы
сақинаның әсері арқасында нығыздағыш бетіне перпендикуляр бағытта
қозғалады. Нығыздағыштар, қандай да бір сырғанау қимылын жойып, «бетпе-
бет» жолымен қосылады.

8.7 Суасты саға жабдықтарын басқару жүйелері

     8.7.1 Суасты саға жабдықтарын алыстан басқару жүйесі

     Суасты саға жабдықтарын алыстан басқару жүйесі – бұл суасты саға
жабдықтарының құрамдас бөлігі. Ол суасты превенторларын жоғарғы қысымдық
ысырмаларды, жалғастырушы муфталарды және т.б. ашып-жабуды алыстан
басқаруға негізделген. Бұл жүйелер суасты саға жабдықтарының күрделі бөлігі,
бұның жұмысының тиімділігі бұрғыланып жатқан ұңғының газ, су, мұнай пайда
болған кездегі бақылау мен басқаруға байланысты болады.

     Қазіргі кезде алыстан басқарудың екі жүйесі қолданылады: гидравликалық,
ол теңіз тереңдігі 610 м-ге дейінгі аралықта; электрогидравликалық
(мультиплексті), 610 м тереңдіктен жоғары болған жағдайда. Одан басқа
алыстан басқару жүйесінің құрамында акустикалық алыстан басқару жүйесі
қолданылады. Ол апаттық жағдайларға арналған лақтыруға қарсы жабдықтар
мен басқару байланысын қамтамасыз етеді. Акустикалық сигналдар жүзбелі
бұрғылау қондырғысында және суасты саға жабдықтары блогында орналасқан
грифондармен жіберіледі және қабылдайды. Акустикалық жүйенің орындаушы
бөлігі код оқитын қондырғының гидрофонынан және орындаушы механизмінен
тұрады.

  8.7.2 Суасты саға жабдықтарын басқарудың гидравликалық жүйесі

  Гидравликалық басқару жүйесі мынадай бөліктерден тұрады
*	 негізгі басқару панелі (7), бұрғылаушы постында орналасқан; көмекші

   басқару панелі (1), бұрғылау жұмысы алаңынан басқа жерде орналасады;
*	 гидравликалық күш қондырғысы 10;
*	 электрлік күш блогы, жартылай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғысы

   және бұрғылау кемесінің бас палубасында орналасады. Блок жарылу қаупі
   жоқ жерде орналасады және басқару, сигнализация органдарын электро-
   энергиямен қамтамасыз етеді;
*	 көп каналды суасты шлангасы (15) және лебедка (13);
*	 суасты коллекторы, басқару каналы (6), лебедка (14) және коллекторды
   көтеріп-түсіруші арқанымен (17) болады.

         206

МАЗМ¦НЫ
   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211