Page 207 - indexf
P. 207

Жүзбелі бұрғылау қондырғысына әдетте екі гидравликалық басқару жүйесін
орнатады, оның біреуі көмекші болады. Негізгі және көмекші басқару панелдері
мынадай объектілермен алыстан басқаруды қамтамасыз етеді:

  •	 әмбебап және плашкалы превентор;
  •	 манифольд ысырмасы;
  •	 блок превенторларының жалғастырушы муфтасы теңіз тұғыры;
  •	 кілттеу қондырғысы және плашкалы превенторлардың гидравликалық

      құлыптары;
  •	 суасты коллекторларын кілттеу;
  •	 теңіз тұғырының шарнирлі бірігуіне жағатын май беру;
  •	 суасты коллекторындағы селектор және реттеуші канал;
  •	 жүйенің жұмысын және параметрлерін бақылау;

     Гидравликалық күш қондырғысы және басқару блогы:
  •	 басқару панелінен сигналдар қабылдап оларды командаға айналдырады,

      оны суасты коллекторына шлангі бойынша жұмыс сұйығы жеткізіледі.
      Жұмыс сұйығы селектор командасы бойынша таңдалған басқару
      командаларының біреуімен жіберіледі;
  •	 әмбебап превентордағы қысымды өзгерту үшін реттегіш клапанға бұйрық
      береді;
  •	 басқару панеліне бұйрықтың орындалғандығы туралы жауап сигналын
      жібереді және жоғарғы қысымды сораптың көмегімен гидроаккумулятор-
      ды зарядтайды;
  •	 бақылау приборларына мәліметтерді бере отырып жүйенің жұмысына
      жұмыс сұйығын дайындайды және жүйедегі параметрлерді өлшейді.
     Көп каналды суасты шлангісі үлкен диаметрлі бір орталық каналдан
тұрады, ол су асты коллекторына жұмыс қысымын береді және саны сәйкесті
кіші диаметрлі каналдардан тұрады, олар су асты коллекторындағы басқарушы
клапанға сұйық арқылы команданы жеткізеді.
     Суасты коллекторы:
  •	 жоғарғы қысымды жұмыс сұйығын превенторлар блогының жұмыс
      органдарына бағыттайды, реттеуші клапанның көмегімен превентор
      цилиндріндегі қысымды түсіреді (бұрғылау аспабының ары-бері жүрісі
      кезінде);
  •	 коллектор өзекшесін превентор блогына отырғызу кезінде барлық канал-
      дарды байланыстырады және бекітеді;
     Шлангі барабаны су асты коллекторына негізгі команданы жеткізу үшін та-
ратушы каналдармен жабдықталған. Жоғарғы жұмыс қысымы барабанға және
гидравликалық шлангі 12 бойынша гидравликалық вертлюг арқылы беріледі.
Барлық басқару панелінің электр аспаптары және гидравликалық коллекторы
вибротұрақты және ылғал қаупінен, жарылыс қаупінен сақталған жағдайда
қолданылады.

         207

МАЗМ¦НЫ
   202   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212