Page 208 - indexf
P. 208

Бас басқару панелі гидравликалық, электрлік немесе пневматикалық әрекетті
болуы мүмкін. Панелден шығатын сәйкесті командалар гидравликалық, электрлі
және пневматикалық сигналдармен негізгі гидравликалық күш қондырғысына
(гидротаратқыш) жіберілуі мүмкін, гидротаратқыш өз кезегінде ол сигналдарды
гидравликалық импульстерге айналдырып, су асты клапандарына береді.

     “Shaffer” фирмасының суасты саға жабдықтары басқармасының “Koomey”
гидравликалық жүйесі 3000 фут (1 фут = 0,3048 м) тереңдікке дейінгі суларда
бұрғылау кезінде ғана тиімді. “Koomey Pressure Bias Control” жүйесін қолдану
кезінде 5000 фут тереңдікке дейінгі суларда бұрғылауға болады. “Koomey”
басқару жүйесі су асты жұмысының қиын жағдайларына есептеліп жасалған. Әр
элементтің конструкциясымен материалы қатаң таңдау мен сыннан өткізіледі.
Содан соң толықтай жиналған конструкциялы жүйе сапа бақылау методикасы
бойынша әр жақты қатаң сынақтан өтеді.

     “Shaffer Pressuer Bias Sistem” басқару жүйесіндегі басқару желілерінде ал-
дын ала қысым туғызу әдісін қолданады және Биас Саквэнс Валв атты жеке
конструкциялы клапаны болады. Бұл басқа басқару желілерімен салыстырғанда
әсер ету жылдамдығын тездетеді. Гидравликалық энергияның қорын жасау үшін
суасты саға жабдықтарын басқару жүйесінде электро- және пневможетекті,
аккумулятор сыйымдылығына және манифольдке орнатылған басқарылатын
өртке қауіпсіз стартері және ажыратқыш жабдығы бар қосарланған со-
рап қолданылады. Сораптар сору және айдау желілеріне орнатылған үлкен
сүзгілермен жабдықталған. Араласқан сұйықтық сыйымдылығында автоматты
басқарылатын араластырғыш, деңгей датчигі және апаттық сигнализатор ба-
рынша төмен деңгейде орналасқан.

     Манифольдте сенімді басқаратын золотникті таратқыш және жеңіл
басқарылатын реттегіштер болады. Қысымды үлкен екі жақты шкаласы бар ма-
нометрлер көрсетеді. Алыстан басқару үшін қолданылатын соленоидті клапан-
дар, қосқыш құрылғылар мен өзгерткіштер өртке қауіпсіз қорапта орналасқан.
Манифольдте бұдан басқа тоттанбайтын болаттан жасалған құбыршалық орама
және басқару жүйесіне арналған жұмыс сұйығы орналасқан аккумуляторлық
сыйымдылықтар болады.

     8.7.3 Суасты саға жабдықтарының мультиплексті
           электрогидравликалық басқару жүйесі

     Электрогидравликалық басқару жүйесі жұмыс сұйығының превен-
торлар блогының жұмыс цилиндріне ағынын басқарады. Оны сәйкесті су
асты клапандарын электронды сигналдармен іске қосу арқылы жүргізеді.
Электрогидравликалық жүйеде кейбір ішкі модификациялы гидравликалық
жүйенің тораптары қолданылады (8.13-сурет).

     Мультиплексті электрогидравликалық жүйе су бетіндегі басқару
жабдығынан, біріктіргіш түйіндерден және су астындағы бөліктен тұрады.

         208

МАЗМ¦НЫ
   203   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213