Page 209 - indexf
P. 209

Су бетіндегі жабдық суасты саға жабдықтарының жұмысын басқару мен
бақылауын қамтамасыз етеді және құрамында:

     •	 бұру құрылғысы мен (дивертор) басқару құрылғысы бар гидравликалық
          қондырғысы (13);

     •	 аккумуляторлар блогы (5);
     •	 бұрғылаушының басқару панелі (1);
     •	 орталық басқару панелі (4);
     •	 энергия беру құрылғысы (2), батарея блогы (3);
     •	 күш кабелінің электробайланыс лебедкасы (6), қосымша гидрошланга

          лебедкасы (11) және 12,7 мм-лік шланга лебедкасы (10);

8.13-сурет. Мультиплексті электрогидравликалық басқару жүйесінің сұлбасы

     Гидравликалық басқару жүйесінде қолданылатын гидравликалық
қондырғыдан айырмашылығы клапандарды электросигналдардың көмегімен
жұмыс сұйығының ағыны арқылы басқарылатын болғандықтан суасты саға
жабдықтарының функциясын басқарушы гидравликалық панель болмайды.
Бірақ панельдегі бұру желісіне арналған клапандар (дивертор) және бұрғылау
ерітіндісінің атқарушылары сақталған, себебі бұл функцияларды гидравликалық
сигналдар арқылы басқару электронды сигналдармен басқарғандағыға
қарағанда ыңғайлырақ және жоғарыдан басқарылады. Аккумуляторлар блогы

         209

МАЗМ¦НЫ
   204   205   206   207   208   209   210   211   212   213   214