Page 214 - indexf
P. 214

жағдайда тексеру бригадасы 3-5 адамнан тұрып, олар қолданылатын жабдықтар
беттік ауадан алынады. Мұндай модель суастында ұзақ болуды және инспектор-
сүңгуіршімен және бригадамен сенімді байланысты талап етеді. Берілген
жағдайда құжатталу – инспектор-сүңгуіршінің дауысжазғышынан, фотосурет-
терден және видеотаспалардан тұрады.

     ІІІ деңгей. Бұл тексеру деңгейі құрылымдық элементтердің жабындардың
коррозиялық зақымдалуға ұшыраған барлық құрылымының жалпы
тұрақтылығын, қалдықты беріктілігін анықтау мақсатында жүргізіледі. ІІІ
деңгейлі тексеру ІІ деңгейлі тексерумен бір уақытта жүргізілуі мүмкін. Бұл зерт-
теулерде келесі операциялар жүргізілуі мүмкін: видеотаспа; стереофотография;
фотограмметрия; болат пен бетонның бұзылмайтын құрылымды бақылауы; ка-
тод потенциалдарының өлшемдері; бетоннан сынама алу.

     Зерттеу басталғанға дейін оны жүргізудің жалпы жобасы жасалады. Жоба
осы жұмысқа қатысты барлық құжаттарды жинақтағаннан кейін, бақылаудың
спецификалық әдістері, осы жағдайда қолданылатын аспаптар қолданылады.
Тексеру жұмыстары барысында жауапты инженер үнемі әрекеттерден
құлақтанылып отырлуы керек. Сонымен бірге жазбаларды, фотосуреттерді,
аудио және видеқұжаттарды қолданылып отырылуы қажет. Инспектормен
тығыз байланыс суасты тексеруде ерекше маңызды болады, өйткені инспектор
тексеріліп жатқан бетті өзі көре алмайды.

     Сүңгірушіні қолданғанда қауіпсіздік негізгі тапсырманың бірі болып та-
былады. Бүкіл жұмыстар бұл жағдайда профессионалды қауіпсіздік және
денсаулық қорғау заңдарына сай жүргізіледі.

     Зерттеулерді жүргізу жиілігі жабынның жағдайына байланысты болады.
Бірінші зерттеу ыдысты пайдалану бір жылдан асқаннан кейін жүргізіледі.
Кейін зерттеулер әр жылы қауіп орталарда екі жылда жүргізілуі ескертіледі.

     Қорытындылай келе ескере кететін жайт қазіргі кезде әртүрлі жасақты суас-
тында бақылау алдын ала жобалануы мүмкін.

     Квалификациялы персонал жүргізген жабынды бақылау және жергілікті
жөндеу жасақтың қызметінің ұзақтығына және шығынның үнемделуіне әкеледі.

Бақылау сұрақтары:
1.	 Жерүсті жабдықтарына не жатады?
2.	 Штанга айналдырғыш дегеніміз не?
3.	 Жерасты жабдықтарға не жатады?
4.	 Салынатын сораптар салынбайтын сораптардан қандай айырмашылығы бар?
5.	 Сораптың плунжері дегеніміз не?
6.	 Диаметрі және ұзындығы бойынша қандай штангалар болады ?
7.	 ССҚ не үшін тағайындалған?
8.	 ССҚ-ның қандай түрлерін білесіз?	
9.	 Бірблокты ССҚ-ның ерекшелігі неде?
10.	 Бірблокты ССҚ-ны қандай тереңдікте қолданады?

         214

МАЗМ¦НЫ
   209   210   211   212   213   214   215   216   217   218   219