Page 216 - indexf
P. 216

9-тарау

ЖҮЗБЕЛІ БҰРҒЫЛАУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН ҚОЛДАНУ
      ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҰСТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

      9.1 Жүзбелі бұрғылау қондырғыларының кластары, түрлері және
                                        оларды қолдану

     Теңізде мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау. Дүниежүзілік мұхиттың кон-
тиненталды қайраңында бұрғылау жұмыстары әртүрлі теңіз жағдайларында
жүргізіледі, барлық аудандарда жұмыс жүргізуге орналған жүзбелі бұрғылау
қондырғыларын (ЖБҚ) құру шексіз күрделілікке және айтарлықтай
ақталмайтын қымбаттылыққа әкеліп соқтырады. Сондықтан теңізде бұрғылау
жұмыстарын жүргізудің дүнижүзілік тәжерибесінде ЖБҚ құру аймағындағы
бағыттары анықталады, ЖБҚ таңдауда нақты жағдайлар (теңіз табанындағы
грунт жағдайы, судың толқуы, мұздың жабыны, бұрғылау мақсаты) ескеріледі.
Әлемдік тәжірибеде қайраңда геологиялық барлау жұмыстарында бұрғылауды
жүзбелі қондырғыларда – бұрғылау кемелерінде (БК); өздігінен көтерілетін
жүзбелі бұрғылау қондырғыларында (ӨК ЖБҚ) және жартылай батпалы жүзбелі
бұрғылау қондырғыларында (ЖБ ЖБҚ) жүргізледі.

     Жүзбелі бұрғылау қондырғысын таңдауда әсер ететін негізгі факторлардың
бірі – бұрғылау орындағы теңіз тереңдігі. Сонымен бірге ол тәжірибенің
жинақталуына, бұрғылау техникасы мен технологиясының дамуына, бұрғылау
аудандардың кеңеюіне және тереңдікке тәуелді. Егер 1970 жылға дейін ӨК
ЖБҚ-мен 15-75 м тереңдікте бұрғыланса, қазіргі уақытта 120 м және одан да
терең акваторияларда қолданылады. ЖБҚ геологиялық барлау жұмыстары үшін
200-300 м тереңдіктегі акваторияларда, бұрғылау сағасында зәкірлік жүйемен
ұсталып тұрады.

     Бұрғылау кемелері жүру жылдамдығының, икемділігінің, автономдығының
арқасында теңіз тереңдігі 1500 м болғанда іздеу-барлау жұмыстары үшін
қолданылады. Мұнай қорның молдығы (100 жұмыс күніне) бірнеше ұңғыманы
бұрғылауды қамтамасыз етеді, ал оның жүрісінің жылдамдығы жаңа нүктеге
тез жеткізуге мүмкіндік береді. Бұрғылау кемелерінің кемшілігі оның жарты-
лай батпалы жүзбелі бұрғылау қондырғымен салыстырғандағы теңіз толқынына
тәуелділігінің шектеулілігі, БК тік 3,6 м шайқала алады, ал ЖБ ЖБҚ 5 м дейін
шайқалады. ЖБ ЖБҚ тұрақтылығы жоғары, сондықтан ЖБ ЖБҚ тік шайқалуы
толқын биіктігінің 20-30%-н құрайды. Осылайша ЖБ ЖБҚ-нан ұңғыманы
бұрғылау жұмыстары айтарлықтай теңіздің үлкен толқуларында жүргізілуді
қамтамасыз етеді. ЖБ ЖБҚ-ң кемшілігі – оның жылдамдығының аздығы.

         216

МАЗМ¦НЫ
   211   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221