Page 217 - indexf
P. 217

ӨК ЖБҚ-ң тұлғасы өте үлкен, оның жүргіштік қоры жұмыс орнына қажетті
технологиялық жабдықтарды, құралдарды және материалдарды жеткізуді толық
қамтамасыз етеді. Оны бір орнынан келесі орынға тасымалдауда оның тіректері
көтеріліп, ал бұрғылау нүктесінде тіректері теңіз түбіне түсіріліп грунтқа
қағылып тұрады, ал тұлға тіректері бойымен талап етілетін есептік биіктікте
теңіз деңгейінен жоғары көтеріледі.

     Қондырғыны теңізге батыру суы терең емес жерлерде қолданылады. Төменгі
су сыйымдылықтары бар тұлғалардың немесе тұрақтандырғыш колонналардың
сумен толтыруының нәтижесінде қондырғы теңіз түбіне қондырылады.
Жұмысшы платформа бұрғылау үдерісінде де, тасымалдауда да, су бетінде бо-
лады. ЖБ ЖБҚ және БК жұмыс жағдайында қалқып тұрады және оны зәкірлік
жүйемен немесе динамикалық тұрақтандыру жүйесі көмегімен ұстап тұрады.

     ЖБҚ негізінен тереңдігі 30-120 м болатын акваториялардағы мұнай-газ
кен орындарындағы барлау жұмыстарында қолданылады. ЖБҚ тұрқы рөлін
атқаратын жүзбелі понтоннан, үш немесе одан да көп сырғымалы тірек ко-
лонналарынан тұрады. Калонналардың саны 3-5 болғанда олар тұрқының
бұрыштарында орналасады, ал тұрқының ұзын жақтарында 6 немесе одан да
көп колонналар болады.

     Тұрғыда технологиялық, энергетикалық, көмекші қондырғылар, техно-
логиялық материалдардың қоры, отын, ауыз және технологиялық сулар, құрал-
жабдықтар, құбырлар, тұрғын үй және жұмыс орындары, қоймалар және т.б.
орналастырылады.

     Бұрғылау нүктесіне қондырғыны тасымалдағанда, тіректерін көтеріліп
бекітілген күйінде жеткізіледі. Бұрғылау нүктесінде тіректерін көтеріп
түсіру құрылғысының көмегімен түсіріледі. Осыдан кейін қондырғы арнайы
көтергіштермен тірек колонналар бойымен түбін толқын ұрмайтын биіктікке
дейін көтеріледі.

     ЖБҚ-ның конструкциясына және типіне байланысты бірнеше түрі бар.
Тұрқы тірек коллонналарының конструкциясына және санына байланысты
бөлінеді. Тіректерінің санын анықтауға бірнеше факторлар әсер етеді: теңіз
тереңдігі, гидрометерологиялық жағдайлар, тірек колонналарын топыраққа
отырғызу және шығару әдісі, теңіз табаны, көтерілетін тұрқының жалпы
салмағы, дайындаудың технологиясы қиындығы және т.б.

     Үлкен тереңдіктерде әр колоннаға толқын тарапынан түсетін жүктеулер
өседі. Ұзын колонналарының майысуына қарсы беріктігін арттыру мақсатында,
колонналардың қима ауданын ұлғайту қажет. Осыған байланысты 60 метрден
астам тереңдіктерде төрт тіректі қондырғылар қолданады, бірақ көбінесе үш
тіректілері басым болып келеді. 90 метр тереңдіктен бастап тек үш тіректілер
қолданылады.

     Цилиндірлік тіректер 45 м дейінгі тереңдікте (65-70%) және 45-75 м
тереңдікте цилиндірлі және фермалы тіректер, ал 75 м артық тереңдіктерде
тек фермалы тіректері бар қондырғылар қолданылады. Фермалық тіректердің

         217

МАЗМ¦НЫ
   212   213   214   215   216   217   218   219   220   221   222