Page 219 - indexf
P. 219

Дүние жүзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып қоғамдар мен
ұйымдар бірқатар классификациялық ережелер, басқару және нормативтік
құжаттар ұсынады. Бұл ережелер жалпы кемелік және технологиялық
жабдықтарды және жүйелерді қолдануды, олардың жұмыстағы қауіпсіздігі мен
сенімділігін қамтамасыз етуге негізделген.

     Технологиялық жабдықтардың кешенін мыналар құрайды:
     •	 ұңғымаларды бұрғылауға арналған бұрғылау қондырғысы;
     •	 бұрғылау сұйықтығын дайындауға, жіберуге, ауырлатуға, регенера-

          циялауға, сақтауға және оны бұрғыланған жыныстардан тазалауға
          арналған қондырғылар;
     •	 бұрғылау және цемент сұйықтықтарын дайындауға арналған порошок
          тәрізді материалдарды сақтау және қабылдау қондырғылары;
     •	 ұңғыманы шегендегенде цемент сұйықтығын дайындайтын және ай-
          дайтын қондырғылар;
     •	 ұңғымаға электрометриялық және каротаждық жұмыстар жүргізуге
          арналған қондырғылар;
     •	 суасты саға қондырғылары;
     •	 ұңғыманы меңгеруге арналған қондырғылар;
     •	 көмекші қондырғылар (жүк көтергіш крандар, тельферлер, кіші механи-
          зация қондырғылары және т.б.);
     •	 теңіз суын ластанудан сақтайтын қондырғылар;
     •	 ұңғыманы бұрғылау кезінде технологиялық үдерістерді бақылайтын
          және басқаратын жүйелер.
     Бұрғылау жұмыстарының жауапкершілігі және қауіптілігі дәрежесіне бай-
ланысты өндіріс учаскілері ұңғыманың бұрғылау аймағын құрайтын аймақтарға
бөлінеді: ұңғыма сағасы, бұрғылау сұйығының резервуары, бұрғылау сұйығының
циркуляция жүйесі, бұрғылау сораптары, виброторша, құм және лай бөлгіштер,
дегазаторлар және басқа да механизмдер және қондырғылар мен механизмдердің
класы және аймағына байланысты олардың орналасуына байланысты талаптар
қойылады.

     9.2 Жүзбелі бұғылау қондырғыларын бұрғылау нүктесіне қондыру

     ЖБҚ-ын бұрғылау нүктесіне орнатуға дейін теңіз түбінің топырағына
инженерлік іздеу жүргізіледі. Инженерлік барлаудың көлемі мен реті
іздеу ұйымдарының бағдарламасына және іс-әрекеттердің нұсқауларының
регламентіне, басқа да жобалық ұйымдардың және бақылау мүшелерінің
нормалық-техникалық құжаттарына және әдістемесіне байланысты. Теңіздің
тереңдігі, ағыны, айлық және дауылдық судың көтерілуі, қондырғының
орнындағы 10-50 және 100 жылдық дауыл толқындарының шамалары
анықталады. Осымен қатар ЖБҚ орталығында орналасқан ауданы 1 км2 судың

         219

МАЗМ¦НЫ
   214   215   216   217   218   219   220   221   222   223   224