Page 221 - indexf
P. 221

9.3 Ұңғыманы бұрғылап аяқтағаннан кейін жүзбелі бұрғылау
                                      қондырғысын алу

     ЖБҚ-ны алар адында оны жаңа бұрғылау нүктесіне тасымалдауға дайын-
дайды. Артық жүктерді түсіріп, қалғандарын бекітіп, порталды жылжытады
және бекітеді, теңестіру жүргізеді. Гидрокөтергіштермен тұрқыны сәл көтеріп
колонналарды механикалық тежегіштерден босатқаннан кейін қондырғыны
түсіре бастайды. Түсіру кезінде крен мен дифферентті, колонналардың өзара
жіктелуін бақылайды, осы көрсеткіштер пайда болғанда түзетулер жүргізіледі.

     Төменгі жұмыс істемейтін бөліктегі қысымның артуы колонналарға түсетін
кернеудің азайғандығын көрсетеді.

     ЖБҚ суға түсірілгеннен кейін тірек колнналарды топырақтан шығара бас-
тайды. Шығару кезінде колонналар топырақтан оңай шығады, бірақ кейде жа-
бысып қалу себебінен колонна топырақта мықты ұсталып тұрады, бұл кезде
ЖБҚ суастына кіре бастайды. Осы сәтте үлкен керн болуы мүмкін. Осындай
жағдайда колонналар жұбымен тұрқы диаганал бойынша шығарылады. Ко-
лонналар шығарылған соң ЖБҚ тасымалдау қалпына келтеріліп, механикалық
тоқтатқыштармен бекітіледі.

              9.4 Жүзбелі бұрғылау құрылғыларын ұстау жүйелері

     ЖБҚ бұрғылау нүктесінде ұстап тұру проблемасы теңізді бұрғылаудағы
негізгі проблемалардың бірі болып саналады.

     ЖБҚ ұстап тұру жүйесінде төмендегілер қолданылады:
     1.	 Қарапайым зәкірлі жүйелер көмегімен. Зәкірлі арқандар шынжыр және
трос ретінде қолданылады.
     Зәкірлі шынжырларды таңдауда әдетте брашпилдер және шпилдер
қолданылады. Зәкірлі екіхлапты және адмиралтейлілер қолданылады.
     Арнайы БК қайта жабдықталған теңіздік буксирлер (1200) карталық
бұрғылау үшін келесідегілер. Алдыңғы және алдыңғы бөліктеріндегі борттар-
да бір- бірден кеменің 250 кг келетін бортты зәкірден тұрады. Зәкірлі арқан
әрбір зәкірде 250 м ұзындықтағы тростан құралады, ол барабанға оралған ар-
наны электрөткізгішті шығырдан 2 кг тартылыс күші бар. Артқы жағында 600
м тереңдікті бұрғылайтын толық кешенді агрегат орналасқан. Кемеде сонымен
бірге зәкірлерді алып шығатын арнайы катер бар.
     Бұрғылау орнына кеме келіп өзінің зәкірлерін түсіреді және оларға жел
бағытымен ұсталып тұрады. Одан кейін кезекпен бортқа артқы зәкірлер катер
көмегімен кемеден керекті қашықтыққа апарып тасталынады. Осы кезде зәкірлі
трос шығырға оралып катермен алып кетіледі. Катер зәкірді борттан арнаны
бұймен алып кетеді. Зәкірлерді апарғаннан кейін тростар шығырлармен тартуға
таңдайды. Бұнымен бұл уақытта бұрғылау нүктесіне нақты қарату жүреді. Кеме
бұрғылау жұмыстарына дайын.

         221

МАЗМ¦НЫ
   216   217   218   219   220   221   222   223   224   225   226