Page 226 - indexf
P. 226

Лебедкалармен басқаруды жергілікті немесе қашық басқару орнынан
жүргізеді. Зәкірлік шынжырлар цилиндр тәрізді жәшіктерде сақталады,
олар ЖБ ЖБҚ тіректерінің ішінде орналасқан. Зәкірлер жүзу жағдайында
арнайы кронштейндерде сақталады.

     9.4.3 Динамикалық тұрақтандыру жүйесі

     Зәкірлік тұрақтандыру жүйелері 200 м теңіз тереңдігінде бұрғыланып
жатқан ұңғыманың тік осінен ЖБҚ-ның керекті ауытқуын қамтамасыз ете
алмайды, массалары жоғары болғандықтан оларды қолдану тиімсіз. Сол се-
бептен теңіз тереңдігі 200-300 м асса динамикалық тұрақтандыру жүйелері
қолданылады (динамикалық позициялау), олардың зәкірлік ұстау жүйелерімен
салыстырғанда, төмендегідей құнды жақтары бар, олар:

     -	 бұрғылау технологиясы талап ететін ЖБҚ-ның позициялау дәлдігін
          қамтамасыз етеді;

     -	 бүйірлік және тік шайқалыстарды азайту мақсатында БК
          немесе ЖБ ЖБҚ-ның бағытын тез өзгертеді;

     -	 ЖБҚ-ның бұрғылау нүктесінен тез кетуін және қайта оралуын
          қамтамасыз етеді.

     Динамикалық тұрақтандыру жүйесі автоматты басқарудың тұйық тізбегі
тәрізді және оның құрамына мыналар кіреді:

     -	 х, у осьтері бойынша бойлық және көлденең ауысулар координатта-
          рын және салыстырмалы қабылданған қозғалмайтын координаттардан,
          ЖБҚ-ның бұрылу бұрышын φ анықтайтын датчиктермен кері байланыс
          тізбегі;

     -	 ЖБҚ-нын бастапқы есептелу жағдайынан хо, уо, φо әрекеттегі жағдайда
          ауытқу шамаларын ∆х, ∆у және ∆φ анықтайтын салыстыру блогы;

     -	 қозғалткыштармен және ескек винттерімен тіке және кері байланыс-
          тары бар басқару пульттері, олар командалық орыннан ЖБҚ-ның
          қозғалтқыштар мен ескек винттерін алғашқы қалпына қайтару үшін
          есептелінген командалар беріп отырады, кеменің ∆х, ∆у және ∆φ ша-
          масына ауысуын және өзінің қайтадан бастапқы қалпына келуін
          қамтамасыз ететін рульдеу құрылғылары (қозғалтқыштар және ескекті
          винттер).

     Мысал ретінде БК және ЖБ ЖБҚ-нда қолданылатын динамикалық
тұрақтандыру жүйесін басқару үлгісі (9.2-суретте) келтірілген.

     Автоматтандырылган басқару орнында әмбебап цифрлы ЭЕМ кері бай-
ланыс тізбегі бойынша сыртқы датчиктерден ЖБҚ-ның сол кездегі қалпы
туралы мәліметтер алады. Бұрылу бұрышын гидрокомпаспен анықтайды,
ал х, у координаттарын АМS (Acoustic measuring System) акустикалык
өлшеу жүйесімен есептеп шығарады. Бұл мәліметтер жоғары дәлдігімен
динамикалық тұрақтандыру жүйесінде қолданылады.

         226

МАЗМ¦НЫ
   221   222   223   224   225   226   227   228   229   230   231