Page 223 - indexf
P. 223

Әдетте жүзбелі бұрғылау құралдарының көлденең ауытқуы теңіз
тереңдігінен 5-6%-дан аспайды. Сонымен бірге көбінесе ұңғымаларды теңіз
тереңдігінен 2-3% көлденең ауытқу жағдайларда бұрғылайды. Ауытқудың ең
үлкен радиусын төменгі формуладан анықтайды

         К = 6 Н/100 ,

мұнда, 6 – судан бөлектейтін тізбектің құбырларындағы кернеулердің және
төменгі топсалы шарлы немесе басқа қосылыс конструкцияларындағы
ауытқу бұрышының шектелген ең жоғары ауытқуы, %.

     Теңіз тереңдігі Н байланысты барлық ЖБҚ-лары бұрғылау нүктесінде
төрт ұстау жүйелерінің бірімен жабдықталады:

     теңіз тереңдіктері 200 м дейін – зәкірлік шынжырлар немесе арқандар не
құрастырылған жүйелер арқылы (зәкірлік шынжырлар және арқандар);

     200 м көп теңіз тереңдіктерінде – динамикалық тұрақтандыру жүйесі
арқылы (динамикалық позициялау).

     9.4.1 Зәкірлік ұстау жүйелері

     Жүзбелі бұрғылау құралдары және зәкірлік жүйесі, төтенше ауа райы
жағдайларын ескермегенде, біртұтас комплекс ретінде қарастырылады.

     Әлемдік практикада мойындалған жобалау және зәкірлеу операцияларының
орындалу критерийлері (9.1-кестеде) келтірілген.

     Зәкірлеу жүйесіне зәкірлік шынжырлар, лебедка, тоқтатқыш
құрылғы, роульс (зәкірлік арқанның ауысу бағытын өзгертуге арналған
құрылғы) кіреді.

     Жергілікті жағдайларға, жүзбелі бұрғылау құралының сипаттамасына және
басқа факторларға байланысты, ЖБҚ-на қатысты зәкірлік шынжырлардың не-
месе арқандардың әр түрлі орналасуы қолданылады. Әлемдік практикада ең
көп таралған жүктеменің кез келген жақтан әсер ету кезіндегі зәкірлеудің
алты вариантты (9.1-суретте) көрсетілген.

     Зәкірлік шынжырларды немесе арқандарды, оларға берілетін мүмкін
жүктемеге, теңіз тереңдігіне, жұмыс жабдығының сипаттамасына, құнына,
палубалық құрылғыларға арналған кеңістік көлеміне және т.б. факторларға
байланысты таңдайды.

     Зәкірлеу үшін тіректі жалпақүзбелі шынжырлардың екі түрі қолданылады:
түйістіріп пісірілген үзбелі шынжыр және кұлыптық шынжыр.

     Көптеген жағдайларда зәкірлеу үшін диаметрі 57-76 мм және кей-
де 90 мм дейін металдық арқандар қолданылады. Металл арқандарының
артықшылығы: теңіз суында арқанның массасы шынжыр массасынан 5 есе
аз және бағасы да 2 есе төмен. Металл арқанның кемшілігі: массасының
аздығына байланысты, арқан созылудың тангенциальды қисығының керекті
шамасына дейін көбірек жазылуы қажет. Арқан істен шыққан жағдайда

         223

МАЗМ¦НЫ
   218   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228