Page 224 - indexf
P. 224

оның бүкіл ұзындығын ауыстыру керек. Нейлон арқанның массасы металл
арқанның массасынан екі есе аз.

     Зәкірлік жүйелер зәкірлік арқандарды тартуды реттейтін кұралдармен
жабдықталған және оның құрамына тензометрлер, зәкір арқандарының тар-
тылуын үзіліссіз басқаратын және тіркейтін құралдар кіреді. Олар операторға
толқын шамасының немесе жел бағытының өзгерулері туралы мәліметтер
беріп тұрады.

     Тарту жүйесін басқару арқандарда орнатылған датчиктерден алынатын
ақпараттар негізінде басқару пультінен жүргізіледі.

     9.4.2 «Шельф» ЖБ ЖБҚ зәкірлік жүйесі

     Пассивті позицияланатын ЖБ ЖБҚ «Шельф» зәкірлік жүйесіне
төмендегілер кіреді: әрқайсысының массасы 18 т жуық сегіз зәкірлер; төрт
зәкірлік лебедкалар; үзілу жүктемесі 4900 кН болатын 76 мм калибрлі,
ұзындығы 1075 м зәкірлеу шынжырлары (сегіз дана); ЖБ ЖБҚ бұрышты
тіректеріне орнатылған, зәкірлік шынжырлардың қозғалысын реттейтін сегіз
бағыттаушы блок-жұлдызшалар;

     в

         9.1-сурет. Зәкірлеу жүйелерінің типтік варианттарының үлгісі

а – 9 зәкірлік арқандары бар симметриялық жүйе, б – 8 зәкірлік арқандары
бар симметриялық жүйе; в – 10 зәкірлік арқандары бар, бір-біріне 36 градус
бұрышпен орналасқан жүйе; г – 10 зәкірлік арқандары бар, бір-біріне 45-90
градус бұрышпен орналасқан жүйе; д – 8 зәкірлік арқандары бар, платфор-
ма өсіне 30-70 градус бұрышпен орналасқан жүйе; е – 8 зәкірлік арқандары

     бар, кеменің бойлық өсіне 30-60 градус бұрышпен орналасқан жүйе;

         224

МАЗМ¦НЫ
   219   220   221   222   223   224   225   226   227   228   229