Page 309 - indexf
P. 309

құрылыс жобасына мұнайдың және газдың қорлары көлемiн есепке алып,
кен орнын тұрған орынды, теңiздiң тереңдiгiн, қоршаған ортаның шарттарын
тағы басқа факторларды ескередi. Мысалы, 12.4-суретте Каспий теңiзiндегі
(Әзербайжан) 28 сәуiр атындағы кен орын ұңғыларының шоғырландыру
сызбасының нұсқалары келтiрiлген.

     Кен орнында тiзбек және қазу тәсiлi нақты шарттар және қойылған
мақсаттарға байланысты әртүрлi бола алады. Егер кен орын iрi және оның
қорлары айқын анықталса, онда (бағдарлама) жоба бір-екі кезеңнен тұрады.
Мысалы, Солтүстік теңіздегі Фортиз кен орнының өңдеу бағдарламасы.

12.5-сурет. Фортиз теңіз кен орнындағы сызба

     12.5-суретте Фортиз кен орнындағы сызба келтiрiлген. Кен орны ұңғысының
төрт шоғыры болды. Әрбір шоғырдан (тұрақты металдық платформа) 27 ұңғы
бұрғыланған. Ұңғылардың дiңгектерiнiң максимал көлбеу бұрышы – 550. Су
тереңдiгі 73 м. Егер кен орын шала-шарпы барланса және қарсы барлаулы
үдерісте қосымша мұнай-газ бар алаңдар анықталса, онда өңдеу бағдарламасы
(фазалар) бiрнеше кезең қосады. Мысалы, Солтүстік теңiздегі Экофисктiң кең
орны өңдеу (бағдарлама) жобасы бiрнеше кезеңдерден тұрды.

     Бiрiншi, эксперименталды, кезеңнiң мақсаты – (Галфтайдтың платформа-
сын тұрақты платформа ретiнде қою) уақытша суасты және көлiк жабдықтарын
орналастыру арқылы кен орынды пайдалану туралы мәлiмет жинау. Екiншi
кезеңде тұрақты гидротехникалық жабдықтар мен құрылғылар кешенін орна-
ластыру мен өңдеуді жүргізеді.

     Бұл кезеңнiң мақсаты – жобалық көлемде мұнайды өндіру – 31,8 м3/тәу. Ол
үшiн 9 және 17 ұңғыма және 4 және 8 бастырмалатқыш ұңғымадан тұратын үш
тұрақты платформа орнатылады. 12 тіректі тұрақты платформада мұнай дайын-

         309

МАЗМ¦НЫ
   304   305   306   307   308   309   310   311   312   313   314