Page 308 - indexf
P. 308

Жобалар мен технологиялық сұлбаларды қарастырғанда жұмыс iстейтiн
ГОСТ нұсқауларын, әдiстемелерін, нормаларын және тағы басқа нормативтiк-
техникалық материалдарын негiзге алып басқарылады.

     Жобалаудың екiншi кезеңінде технологиялық және монтаждық сызба-
ларды құрайды, таңдаулы варианттың құндарын алдын ала айқындайды және
жобаның iске асыруының жоспарларын құрайды. Технологиялық сұлбада
ағын бағыты көрсетілген, мұнайды жинау және тасымалдау бойынша барлық
негiзгi техникалық құралдар мен құбырлар, жұмыс қысымы және температу-
ра, сонымен бiрге КИП және автоматика көрсетіледі. Негiзгi технологиялық
параметрлердiң келтiрiлген кестелерi бар технологиялық сұлбаның сипатта-
масы берiледi. Технологиялық сұлбалары бойынша байлам сызбасының орын-
дарын анықтаған монтаждық сызба қоюды және өртке қарсы техникасы, тағы
басқа құрылымды техника қауiпсiздiгiнiң құралының байламын қоса құрайды.
Әрбiр құрал, жапқыш, клапан сызбада реттiк нөмiрлермен белгіленеді. Орнаты-
латын жабдыққа спецификация берiледi. Пайдаланудың күтiлетiн шарттарымен
сәйкес жабдықты таңдау белгiсi анықталады.

12.4-сурет. 28 сәуiр атындағы кен орнының
  ұңғымаларының шоғырландыру нұсқасы

     Теңiздегi мұнай және газды кен орнындарды игерудегі ерекшелiгі –
ұңғымалардың қымбаттылығы, теңiздегi бағалы қондырғыларға кеткен
шығынды төмендету. Ұңғымаларды бұрғылау, шоғырлы стационарлы платфор-
маларды дайындау мен өндіруді ескеріп алдын ала қарастырылады. Пайдалану
жабдығының бір бөлiгін тұрақты бұрғылау платформасында орналастырады, ал
екiншi бөлігін, кен орынды пайдаланудың бiрiншi кезеңінде қолданылмайтын
бөлiк тұрақты платформаларда орналастырады. Барлық платформалардың

         308

МАЗМ¦НЫ
   303   304   305   306   307   308   309   310   311   312   313