Page 28 - indexf
P. 28

Тұрақты толқындар – элементтері өзгермейтін толқындар.
     Үдемелі (жүгірмелі) толқындар – көрінетін үлгі формасы кеңістікте орын
ауыстырып жылжитын толқындар.
     Қозғалмайтын (тік тұратын) толқындар – көрінетін үлгі формасы
кеңістікте орнын ауыстырмайтын толқындар.
     Толқындар жүйесі – жаратылыс түзілімі бір, үдемелі тізбектелген
толқындар.

                   1.5-сурет. Толқынның элементтері және профилі:
1 – толқын шыңы; 2 – толқын жоны; 3 – орташа толқындық сызық; 4 – толқын

                 табаны; 5 – толқынның жырасы; 6 – есептік деңгей;
    һ – толқын биіктігі; λ – толқын ұзындығы; ηв – есептік деңгейден толқын

       басының асуы; ηп – есептік деңгейден толқын табанының төмендеуі

     Толқын профилі – толқын сәулесінің бағытында тік жазықтықты беттің
қиылысу сызығы (1.5-сурет).

     Толқынның орта сызығы – толқын тербелістерінің қиылысқан жазылу
сызығы, бұл сызықтан жоғары немесе төмен орналасқан жиынтық аудандары
бірдей.

     Тұрақты толқын үшін – оның шыңы және табаны белгілерінен жартылай
қосындысы деңгейінде жүргізілген көлденең сызық.

     Толқын жотасы – толқынның орташа сызығынан жоғары орналасқан
толқынның жарты бөлігі.

     Толқын шыңы – толқын жотасының ең жоғарғы нүктесі.
     Толқын жырасы – толқынның орташа сызығынан төмен орналасқан толқын
бөлігі.
     Толқын табаны – толқын жылғасының ең төменгі нүктесі.
     Толқын ұзындығы – толқындық профильдегі екі шектес жоталар арасындағы
көлденең арақашықтық.
     Толқын биіктігі – толқын шыңының толқындық профиліндегі көршілес та-
баннан жоғарылап түсуі.
     Толқын кезеңі – тіркелген тік сызық арқылы екі шектес толқындар
шыңдарынан өту аралығындағы уақыт интервалы (мәні).
     Толқын фронты – берілген толқын жотасының толқу бетінің үстіндегі
сызық.
     Толқын сәулесі (бағыты) – толқын фронтына перпендикуляр сызық.

         28

МАЗМ¦НЫ
   23   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33