Page 29 - indexf
P. 29

Толқын жылдамдығы – толқынның жотасының оның таралу бағытында
орнын ауыстырып жылжу жылдамдығы.

     Есептік дауыл – бірқатар берілген жылдар қатарында (25, 50, 100 жыл)
жылдамдық екпінімен, бағытымен, желдің әсер ету ұзақтығымен бір рет
бақыланатын дауыл (бұлар кезінде есептік нүктеде максималды элементтерімен
толқындар түзеді) қалыптасады.

     Желдің есептік жылдамдығы (толқын элементі анықталған кезде) – су
деңгейімен 10 м биіктік кезіндегі желдің жылдамдығы.

     Судың есептік деңгейі – маусымдық, жылдық өзгерістерді, желдің әсерінен
су деңгейінің көтерілуін, асуын және қайтуын ескеріп анықталған деңгей.

     Толқынның екпіні – жел бағыты бойынша есептік нүктеге дейін өлшенген
желмен қамтылған акватория ұзындығының бөлігі.

     Терең сулы деп түбі толқын пайда болуына септігін тигізбейтін акватория-
ларды айтады.

     Ал қарама-қарсы жағдайда түбі толқын түзуге септігін тигізетін акватория-
лар тайыз сулы деп аталады.

     Терең сулы акваториялар – Н > 0,65 l

Балл   Толқынның биіктігі һ, м  Толқынның сипаттамасы
  0   ─                         толқу жоқ
  1   0 - 0,25                  әлсіз
  2   0,25 - 0,75               орташа
  3   0,75 - 1,25               айтарлықтай
  4   1,25 - 2,0                күшті
  5   2,0 - 3,5                 өте күшті
  6   3,5 - 6,0                 айрықша шектен тыс
  7   6,0 - 8,5                 (төтенше жағдай)
  8   8,5 - 11,0
  9   11,0 және жоғары

     Ағыстар. Теңіз гидротехникалық құрылысын салу кезінде ағысты зерттеу-
ге қатысты сұрақтар туындайды. Егер теңізде жүзу үшін негізгі қызығушылық
белгілі бір күндегі және сағаттағы ағыс туралы мәліметтерге мән берілсе, онда
гидротехникалық ғимараттарды жобалау үшін ең алдымен ағыс режимін, яғни
қандай ағыста екенін, қалай бақыланатынын (жылдамдығын, бағытын) білу
керек. Есептеу теңіздің жағалаулық аймағындағы және өзендер сағасында
инженерлік ізденістер кезінде гидрометрологиялық режим элементтерін
есептеудің нұсқауында келтіріледі. Ағыстарды зерттеу сонымен қатар платфор-
маны жобалауда маңызды болып табылады. Ағыстың әсерінен пайда болатын
гидродинамикалық күштер әсері платформаларды есептеген кезде ескеріледі.
Сонымен бірге қоршаған ортаға әсер ету туралы (жаңбыр, тұман, жел, қоршаған
ортаның температурасы, т.б.) басқа да ақпараттар ескеріледі.

               29

      МАЗМ¦НЫ
   24   25   26   27   28   29   30   31   32   33   34