Page 326 - indexf
P. 326

Кен орнын игеру жүйесін сипаттайтын: ұңғымалардың орташа
арақашықтығы, айдау және өндіру ұңғыларының арақашықтығы және
қатардағы ұңғылар арақашықтығы, резервті ұңғылар санының толық ұңғылар
фондына қатынасы сияқты параметрлер бар. Ұңғыма торының тығыздығының
параметрі мәні – қабаттың сипатына, ондағы қаныққан сұйықтарға, кен орнының
орналасқан жеріне, саяси ахуалға байланысты кен орнына ауысу. Бірінші кесте-
де Sp параметрінің біраз сипатты мәндері жазылған.

     Норвегиялық континенттік қайраңдар үшін Sp параметрінің орташа мәні,
шамамен 36 га/ұңғыма. Ұңғымалар арақашықтығы 600 м шамасында.

     Sk параметрі игеру шарттарына байланысты бір ұңғымаға он мыңнан мил-
лион м3 мұнайға дейін өзгеріп тұрады.

     W параметрінің мәніне байланысты ұңғымаларды орналастыру жүйесі
интенсивті (W≈1) және орташа интенсивті (W≈0.5) болып бөлінеді.

     12.3-кестеде кейбір ұңғымаларды орналастыру жүйесі бойынша W
параметрі характерлі мәндері берілген.

         Ұңғыларды орналастыру жүйесі            12.3-кесте.

         Ұңғыларды орналастыру жүйесі        Үш нүктелі
                                                   0
Сызықты  Шахматты  Бес нүктелі Жеті нүктелі
     1
         1 1 0.5

     Ұңғымаларды интенсивті орналастыру жүйесін әдетте өткізгіштігі төмен
біртексіз қабаттарды игергенде қолданады. Бұл салыстырмалы түрде су ай-
дауды жоғары деңгейде ұстап тұруға, шоғырланған сұйықты алуға мүмкіндік
береді. Интенсивті жүйелердің кейбіреулері жеткілікті түрде ыңғайлы келеді.
Мысалы, ұңғымаларды шахматты немесе сызықты орналастыру жүйелері
әртүрлі ұңғымалар санынан тұрады. Екініші жағынан, бес, жеті, тоғыз нүктелі
жүйелері екіншілік немесе үшіншілік әдістерді қолдануға мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда қабаттың біртексіздігі кезінде маңызды. Басқа артықшылығы –
олардың конверсиялық мүмкіндігінде. Мысалы, бес нүктелі жүйе бұрғылау
арқылы тоғыз нүктелікке ауыса алады. Ол кезегінде бес нүктелі жүйеге шеткі
төрт өндіру ұңғымасын тоқтату арқылы айнала алады.

Бақылау сұрақтары:

1.	 Екіреттік және үшреттік әдістерді енгізуге дейін мұнай өндіру ненің есебінен
     болады?

2.	 Қабат режимдерінің қандай түрлерін білесіз?

                   326

         МАЗМ¦НЫ
   321   322   323   324   325   326   327   328   329   330   331