Page 321 - indexf
P. 321

тормен біркелкі орналасады және мүмкіндігінше перфорация интервалы төмен
болады (12.11 б-сурет).

     Ұңғымалардың бұлай орналасуы келесідей себептер бойынша оны игеру-
ге жақсы жағдай жасайды: қабат қысымы қанығу қысымынан төмендегенде,
мұнайда еріген газ ұңғының түп аймақ зонасында мұнайдан бөлінеді. Осылай
еріген газ режимінде игеруге жақсы немесе нашар жағдай жасайды; мұндай ор-
наласуда гравитациялық күштер тұтқыр күштерге көмектесіп және мұнайдың
ұңғыға құйылуын арттырады. Бұл уақытта газ тұтқыр күштердің әсерінен қабат
бойымен жоғары көтеріледі. Кей жағдайларда бұл екінші газ шапкасының бо-
луына әкеледі.

     Газ шапкасы бар мұнай шоғыры
     Газ шапкасын мұнай шоғырынан бөлгенде, ұңғылардың орналасуы мұнай
газ байланысының бастапқы жағдайын ескеру керек (12.12 а-сурет). Табандық
суы бар мұнай шоғырындағы сияқты шоғырдың күмбезді бөлігінде ось бойын-
ша өндіру ұңғымалардың орталық қатарын бұрғылау керек. Перфорация интер-
валы өнімді қабаттың астында болуы керек

                      12.12-сурет. Газ шапкасы бар мұнай шоғырын игер-
                       ген кездегі ұңғылардың аудан бойынша орналасуы:
               а – Газ шапкасы бар мөрленген мұнай шоғырын менгеру түрі –
              газ шапкалы режим. Перфорация интервалы – қиманың төменгі
             бөлігінде; б – Газ шапкасы мен табандық суы бар мұнай шоғыры

     Меңгеру түрі – газ шапкалы режим мен су айдау режимі. Перфорация ин-
тервалы – қиманың төменгі жағында.

     Мұндай әрекет газ шапкасы мен табандық суы бар мұнай шоғырында
ұңғыларды орналастырғанда қолданылады. Бірақ бір ерекшелігі бұл жағдайда
перфорация интервалы құрылымның төменгі бөлігінде. ГМБ-ға қарағанда,
СМБ-ға жақын болуы керек.

         321

МАЗМ¦НЫ
   316   317   318   319   320   321   322   323   324   325   326